Беларусь Еуропа елдерімен мұнай тасымалдау бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

16.01.2020, 02:59

3

Минск мен Мәскеу арасында тариф мәселесі әлі шешілмеген тұста Беларусь Еуропаның бірқатар мемлекеттерімен мұнай тасымалдау мүмкіндігі бойынша келіссөз жүргізе бастады.

Беларусь үкіметінің вице-премьері Дмитрий Крутой 14 қаңтарда мұнай өңдеу кәсіпорындарының өкілдері шетел әріптестерімен келіссөз жүргізіп жатыр деп мәлімдеді. Ол жақын арада Минскінің мұнай сатып алу бойынша балама мүмкіндіктері пайда болатынына үміттенетінін жеткізді. Оның айтуынша, Украина, Польша, Балтық елдері, Қазақстан, Әзербайжанмен әріптестік орнату мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.

Оқи отырыңыз: Минск Қазақстаннан мұнай тасымалдау мәселесін Ресеймен талқылайды

Екі аптаға жуық уақыт бұрын Мәскеу күтпеген жерден Беларуське мұнай тасымалдауды тоқтатқан. Латвия Беларуське кері бағыт бойынша мұнай тасымалдау жобаларына қатысуға дайын екенін жеткізді. Беларуське сапары қарсаңында Беларусьтегі Латвия елшісі Эйнарс Семанис осылай деді.

Минск Ресеймен мұнай тасымалдау бағасын келісе алмай жатыр. Сарапшылардың айтуынша, Мәскеудің Минскіге қысымы артқан шақта диалог жалғасып жатыр.

Жаңа жыл алдында жасалған газ бағасы туралы келісім арадағы шиеленісті сәл басуға көмектескен. Келісім Ресейден үздіксіз газ тасымалдауға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Беларусь және Ресей мұнай тасымалдауды жартылай қалпына келтірді

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34