Беларусь майданына біз де араласамыз ба?

18.08.2020, 12:53

13



     Тапбасып айту қиын, сәт сайын өзгеріп жатқан дүние ғой. Аяқастынан шытынай салуымүмкін, әлгі қабылданған сценарий күйреп қалып. Тағдыры сондай бұл шайқастың.Тарс-тұрс күшейсе, тоқтап қалатыны заңдылық. Көшеде жүргендер қарқ-қарқкүліпті. «Қайдағы доп?  Таразыға елболашағы түскенде?» Кім біледі, әркімнің өз шындығы дегендей. Шегеру? Әзіршеондай шешім жоқ. Сынға бәрі де дайын. Айтпақшы, команда Беларусь елін беткеалды. Үміт арқалап, ұшаққа мініп…


      Оларды жеребе жұптағаны анық. УЕФАқұптағаны белгілі. «Астана» Брестке есен-аман жетті де. Төреші ысқырығыестілгенше күдік сейілмейді, бірақ. Күдік тудыратыны ол ғана ма екен? Матчтыңөту-өтпеуі екінші кезекте. Біз үшін одан да маңызды әңгіме бар. Қазақстан командасыкездесуге дайын ба? Қазіргі бабы қандай? Талайдан доп теппегендер алаңда тәлтіректепқалмай, емін-еркін жүгіріп кете ала ма? Мәселе түбі тереңде. Серең ете қалуыәбден мүмкін. Жалғыз матчтан тұратын іріктеу матчында бірден ірілік танытпаса,жарысты осы тұстан доғаруға тура келеді. Ірілік дегенде, ірі есеппен ұтудыайтпаймыз, келесі айналымға алып шығатын қауқар табыла ма? Тоқтатып тастау бірбөлек, тоқтап қалсақ ше? Былтыр ғана Еуропаның екінші дәрежелі турнирінде доптепкен команда үшін ол сәтсіздік саналады. Сонымен, бәсекенің басталуынасанаулы сағаттар қалды.  Шегінеміз бе,жоқ «Астана» өнеріне емінеміз бе? Ми қатпарында қайнаған күдік осы.

    Брестің «Динамосы» қарсылас атанғанда аздапқуандық. Қуанатынымыз –  дәл қазір тапсондай қарсылас табудың өзі қиын. Адамда арман таусылған ба? Қазақстанғашақырып алып сайысқанда, одан бетер шаттанар едік. Сырт алаңда доп тебуге туракелді. Оған да көнеді «Астана». Жеребе әмірі. Рас,  Беларусь елінің былтырғы чемпионы биылбілгенінен жаңылып жүр. Жиі сүрінеді. Ойыны сұйылып кетті. Ал Қазақ еліндегіжағдай тіптен белгілі. Пандемияға байланысты біздің футбол көктемнен беріқаңтарулы тұр. Рас, өткенде бір доп тептіріп алды. Алайда ол турға «Астана»қатысқан жоқ. «Ертіс» ұлттық біріншіліктен бас тартып, Михал Билек шәкірттерікелесі турға дейін ойыннан босады. Ол ел чемпиондарының көңілін көншіткен жоқ,әрине. Бұған шекті бабына он келіп, он кеткен команданың бірден шайқасқаараласуы да алаңдатады.

     Жасырыпқайтеміз, олар осы уақытта селтеңмен уақыт өткізген жоқ. Жүгірді, секірді. Шамажеткенше жаттықты. Тек ресми ойын жоқ. Бұл жерде енді бапкер біліктілігітаразыға түседі. Бапкер болғанда да, футболшылардың дене күшін қалыпта ұстаптұру, алаңға шыққанда алқынып қалмайтындай дәрежеге жеткізу. Михал Билек кісігесенім ұялататын жаттықтырушыға ұқсамайды. Биылғы бір-екі турда «Астананың» аяқалысы соншалықты керім деуге келмеді. Ақтауда «Каспийді» ұтып тұрып, матчсоңына қарай екі гол жібергендерден не үміт, не қайыр? Әйтеуір, сыралғыойыншылардың бәрі сапта, сол ғана дәтке қуат.

     Қанша шақыртуалса да, Дмитрий Шомко «Астананы» қиып кете алмапты. Өзі солай дейді. Шақырғанкім, ол туралы ақпарат жоқ. Орта тұсты ұстап тұрған Иван Маевский жыл он екі айбабында болушы еді. Жартылай қорғаушының ойынды өргізуі де елге ұнайды. Ұпайалуға жақын жүретін Иван шеберлік танытар деп ойлаймыз. Гол соқпаса ұйқысыбұзылатын, екі аяғымен де бірдей соққы жасай алатын, оң қанаттан суырылып шықсаешкімге жеткізбейтін, өткен маусымда жанкүйерлер көзайымына айналған Марин Томасовтыңтолғап қалатыны бар еді, күтпеген тұстан және тіпті түзу тебеді. ТигранБарсегянды да бекер алған жоқ. Кипр шабуылшысы Пиерос Сотириудан да қайраткүтеміз. Оған қарағанда Руннар Мар Сигурьонсонның талабы жақсы. Кез келгенойыншысы құлжаның асығындай екені анық. Соларды Билек жұмысқа жеге ала ма? Тапсырманы дұрыс берсе, оның орындалуынқадағаласа қандай жақсы!

     Айлап жатыпалған жоқ. Команда жаттықты дедік. Бірнеше жолдастық кездесулер де өткізді.Доптан жеріп немесе жатырқап қалған кезі жоқ. Оң жамбасқа келетін қарсыластыңосал тұсын табуға әбден болады. Команда қақпашысы Ненад Эрич: «Физикалықтұрғыда емес, мінез-құлықта өзгеріс бар шығар деп ойлаймын. Наурыздан беріресми матч өткізген жоқпыз. Күшіміз қалыпқа келген секілді. Алайда жарысболмаған соң, шеберлік мүжіле береді. Сол жағы алаңдатады. «Динамо» оңай берілесалмайды. Олар да бір елдің чемпиондары. Тәжірибелері де жеткілікті. Бірақ кезкелген команданың осал тұсы болады. Соны  тап бассақ табыс бізде», – депті.

Дұрыс сөз. Эрич те бір ер. Әсіресе қақпаны күзеткендекірпік қақпайды. Зулаған допты қақшып алуда, соққыны қайтарғанда шеберлігі сырбермейді. Бресте де солай болса игі. Қорғаушылардың да қабілеті жақсы. Тіптіанау Лука Шимунович те жақсы ойнайды. Антония Рукавина мен Дмитрий Шомкоғажанкүйерлер риза. Урош Радакович келді. Жарко Томашевич те жүр. Дүниенің бар асылын жинап алғандаймыз, өзі. Ондайдәулет Бресте қайдан болсын. Айтпақшы, әлгі Иван Маевский Беларусь құрамасыныңда белді ойыншысы. Брест Иванды біледі, Иван да «Динамоны» жақсы таниды. Тарпыпөтуге болатынын түсінеді. Сергей Кисляк секілді ескі танысы сол жақта доп теуіпжүр.

   Брест футболыбиыл ақсап тұр. Сергейдің өзі де сыр берді. Биыл дегенде, жаңа маусымдыайтамыз. Мүмкін, уақытша қиындық шығар. «Динамо» Covid-ке қарсы тұра алмады» дегенжел сөз шықты. Қазір оларда чемпиондық ойын да, соншалықты қарқын дабайқалмайды. Қайта қақала беретін шабуылы, қателікке бой алдырған қорғанысы көреркөзге байқалып тұр. «Динамоның» ойынын көргендер шаршап  қалады. Аяқтарында доп болғанымен, көздеріндеот жоқ. Тіпті шабуылға шығуға асықпайды. Рас, Михаил Гордейчуктың жойқынсоққысы бар. Иә, сол Гордейчук, Қазақстан премьер-лигасында доп тепкен. «Астананы»біледі дегендей.

      «Динамоның» жанкүйерлері бас бапкер СергейКовальчукты жақтырмайтын секілді. Тур сайын тура өзін нысана етіп алады. Сынсадағын ұстағандар. Мысалы, Солигорскіде жергілікті «Шахтерге» қарсы шығарғанқұрамын талдағандар  Денис Лаптев пенАртем Милевскийге қатысты пікір білдіріп, «Алаңда ол екеуі не істей алады, небітіреді, анау Олег Веретило дегенді кім сүйреп жүр?» десіп, ойын басталмайжатып бас бапкерді жерден алып, жерге салыпты. Жылдам жүгіретін, шалтқимылдайтын  Абдулайе Диаллоны қосалқықұрамда ұстайтынын да жақтырмайды. Абдулайе шілденің аяғында «Динамоға» ауысты.Оған дейін «Рух» сапында жүрген. Кезінде жасындай жарқылдаған ЕвгенийХачеридидің де шау тартқанын еске салып, зейнеткерлер командасында бейнеттенөзге не тиесілі деп ой сабақтаған. Ол енді қазіргі нәтижеге қатысты айтылғанпікірлер шығар.

     Шын мәнінде«Динамо» сапында жақсы ойыншылар жетіп-артылады. Мысалы, қақпашы СергейИгнатович. 6 тамыз күнгі ойынды алайықшы. «Шахтердің» бірнеше гол соғуы мүмкінеді, егер Сергей доптың жолын тоспаса. Негізі, біздің Эричтен бір кем емесқақпашы. Немесе орталық қорғаушы Александр Павловецті алайық. Оны сан соқтыруоңайға соқпайды. Роман Юзепчук секілді қара жұмысты қомсынбайтын тағы бірфутболшы бар. Қысқасы, Сергей Ковальчук қарамағында бірнеше сайыпқыран сайланыпотыр. Кезегі тигені «Астананың» апшысын қуыруға дайын.

       Ал МихалБилек шәкірттері ше? Олардың арасында да осалы жоқ. Қаржысы көп команда кімдіболсын алдыра алады, алдырғаны бір бөлек, ойната да алады. Негізгі құрамғатиесілі 11 орынның басым көпшілігін жалдамалы жігіттерге ұсынатын команданыңбұл белесті оңай еңсеруі ғажап емес. Айтпақшы, Беларусь біріншілігінде алаңғажанкүйерлер еркін кіре алатын. Бірақ чемпиондар лигасының іріктеу сындары көрерменніңқатысуына шек қояды. Яғни кездесу жанкүйерсіз өтеді. Демек, қарсыластарқаңыраған стадионда шеберлік байқасады. «Динамо» билет сатып жатқан көрінеді.Құны – 75 Беларусь рублі. Шамамен 30 АҚШ долларын құрайды. Сатып алғандарстадионға кіре алмайды. Бірақ манкенге суретіңізді шаптап қояды. Демек,бейнеңіз ішке өте алады. Өзіңіз сырттан тамашалайсыз. Бет-жүзіңізді бүкіл әлемкөреді, телетрансляция арқылы. Ол да табыс табудың бір амалы шығар.

 

 Амангелді СЕЙІТХАН

 

 


 



 




   

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43