Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:05, 04 Шілде 2024

Беларусь ресми түрде ШЫҰ-ға мүше болды

а
Фото: Ақорда

Астанадағы ШЫҰ саммиті Беларусьті ұйымға қабылдау туралы құжаттарға қол қоюдан басталды.

«Құрметті мемлекет басшылары, Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға толыққанды мүшелігі туралы шешім қабылданды», - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Одан кейін Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенконы құттықтады.

ШЫҰ саммиті 3 және 4 шілдеде «Көпжақты диалогты нығайту – тұрақты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» ұранымен өтеді. Саммитке қатысушылар 24 бірлескен құжаттар пакетіне қол қоюды, сондай-ақ қауымдастық қатысушыларының тату көршілік пен бірлік қағидаттарына адалдығын растайтын қорытынды декларация мен мәлімдемені қабылдауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, ШЫҰ – 2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Қазір оған он мемлекет кіреді: Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан, Өзбекстан және Беларусь.

Бақылаушы елдер – Ауғанстан мен Моңғолия, серіктес елдер – Әзірбайжан, Армения, Камбоджа, Непал, БАӘ, Түркия және Шри-Ланка.

Тегтер: