Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:15, 28 Қаңтар 2025

Беларусь сайлауы: Ұлыбритания санкцияларды кеңейтеді

Лондон
Фото: Michael Kappeler/dpa/picture alliance

Ұлыбритания Канадамен келісе отырып, «жалған президент сайлауына» жауап ретінде беларусь қорғаныс саласының алты жеке және үш заңды тұлғасына санкция салды.

Ұлыбритания Канадамен келісе отырып, Беларусь қорғаныс секторының алты жеке және үш заңды тұлғасына «осы елдегі жалған президент сайлауына жауап ретінде» санкция салды. Бұл туралы Ұлыбритания үкіметі хабарлады.

Атап айтқанда, Беларусь Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) басшысы Игорь Карпенкоға қатысты шектеу шаралары қолданылды.

Бұл тізімге Оршадағы «Легмаш» зауыты, «Беспилотные вертолеты» конструкторлық бюросы және радиолокациялық жүйелерді жасайтын «АЛЕВКУРП» кәсіпорны кіреді.

Беларусьтегі сайлау халықаралық стандарттарға сай болмады

«Лукашенконың Беларусьтегі оппозицияны қудалауынан кейін кешегі жалған сайлауы халықаралық стандарттарға сәйкес келмеді және халықаралық серіктестер тарапынан айыпталды», - деп хабарлады Ұлыбритания Министрлер кабинеті.

Британ Сыртқы істер министрі Дэвид Лемми Лондон серіктестерімен бірге Беларусь халқына қолдау көрсетуді жалғастырып, «олардың бостандық пен демократияға деген заңды құқықтарын жоққа шығаратындарды әшкерелейді» деп уәде берді.

Тегтер: