Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:10, 14 Маусым 2024

Беларусь Таулы Қарабақтағы соғыс кезінде Әзірбайжанға көмектескен

Лукашенко
Фото: РИА Новости

Беларусь Таулы Қарабақтағы соғыс кезінде Әзірбайжанға қару-жарақ жеткізген.

Бұл туралы - Politico басылымы тарап кеткен дипломатиялық құжаттарға сілтеме жасай отырып жазады. Politico-ның хабарлауынша, Беларусь Әзірбайжанға электронды соғыс пен ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған құрал-жабдықтарды жеткізген, сонымен қатар артиллериялық жүйелерді жаңғыртуға көмектескен.

Politico алған құжаттардың арасында Беларусь қару-жарақ экспорты жөніндегі мемлекеттік агенттігінің хаттары, сондай-ақ Беларусь пен Әзірбайжан өкілдерінің Groza-S зымыранға қарсы кешендерін сатып алу туралы келісімге келу туралы хаттары бар.

Жеткізу Армения мен Әзірбайжан арасындағы шиеленіс шарықтау шегіне жеткен 2018 жылдан 2022 жылға дейін жүзеге асырылды. Арменияның ҰҚШҰ-ға мүшелігінен шығу туралы шешімі және ұйымды қаржыландыруды тоқтату туралы шешіміне қару-жарақ жеткізу фактісі әсер етті, деп жазады басылым. 

ҰҚШҰ жарғысына сәйкес, альянсқа мүше елдер шабуыл жасалған жағдайда бір-бірін қорғауы керек. Армения да, Беларусь те ҰҚШҰ-ға мүше.

Айта кетейік, бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Тегтер: