Беларусь "Вагнер" тобының 32 мүшесін Ресейге қайтарды, Украина өкініш білдірді

15.08.2020, 14:12

10

Шілденің соңында Беларусь билігінің қолына түскен 33 ресейліктің 32-сі Ресейге қайтарылды. Бұл туралы 14 тамыз күні кешке Ресей бас прокуратурасы хабарлады. Ұсталғандардың бірінде Беларусь паспорты болғандықтан, ол Минскте қалды.

Осыған дейін Беларусь құқық қорғау органдары 25 шілдеге қараған түні ел территориясына «Вагнер» жеке әскери компаниясының жауынгерлері кіргенін хабарлаған. Олар Минскідегі қонақүйге жайғасып, одан кейін Минск маңындағы санаторийге көшкен. Өзге елден келген бұл азаматтар жұрт назарын милитари стиліндегі киімімен (әскери элементі бар сән киімі – ред.), ресейлік туристерге тән емес мінез-құлқымен көзге түскен. Олар алкоголь ішпеген, шуламаған, топ болып жүрмеген, сап түземеген. Беларусь арнайы қызметі оларды ұстап алып, үстінен терактілер әзірлеу жөнінде қылмыстық іс қозғады.

Беларусь тарапы ұсталғандардың аты-жөнін жариялады. Олардың кейбірі Донбасс пен Сирияда соғысқан болып шықты. Беларусь арнайы қызметі ұсталғандардың бәрінде Стамбул бағытындағы әуе билеттері болған, бірақ олардың Стамбулға баруға деген ниеті болмаған.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің офисі Беларусьтің «Вагнер» жауынгерлерін Ресейге беру туралы шешіміне өкініш білдірді. Бұл туралы «Украинская правда» басылымы хабарлады. Зеленский Беларусь шешіміне байланысты былай деді: «Украина Беларусь Республикасының „Вагнер“ жеке әскери компаниясының ұсталған мүшелерін Ресейге беру туралы шешімін өкінішпен қабылдайды. Беларусь Республикасы өз ұстанымы бар тәуелсіз мемлекет екені сөзсіз. Алайда Украина тарапы құқықтық тұрғыда дұрыстау және салмақты шешім күткен еді».

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43