Беларусьта президент сайлауы 9 тамызға жоспарланды

09.05.2020, 02:59

5

Беларусь парламентінің төменгі палатасы елдегі президент сайлауын 9 тамызға белгіледі. Бұл туралы БелТА агенттігі хабарлады. Заңға сай, Беларусь елінде сайлау президент өкілетінің аяқталуына екі ай қалғанда өтуі тиіс.

Азаттықтың Беларусь қызметінің хабарлауынша, елдің орталық сайлау комиссиясы (ОСК) алдағы уақытта сайлау науқанының жоспарын бекітуі тиіс. Ал бастамашыл топтардың тіркелуі 15 мамырда аяқталады.

Құқық қорғаушылар коронавирус пандемиясына байланысты дауыс беруді қашықтан ұйымдастыруды ұсынған. Бірақ ОСК бұл ұсынысты қабылдамады.

9,5 миллион халқы бар Беларусь елін 1994 жылдан бері Александр Лукашенко басқарып келеді. Ол бес рет президент болып сайланған. 2004 жылы референдум өтіп, онда президенттің сайлауға түсуіне шектеу алынған еді.

Бұған дейін Лукашенко тағы да сайлауға түсетінін жариялаған. Tut.by сайтының жазуынша, мамырдың соңында оппозиция ортақ кандидат ұсынуы тиіс.

Елдегі сайлау коронавирус тарап жатқан тұста өтпек. 7 мамырдағы мәліметке сай, Беларусь елінде қазір 20168 адамға вирус жұққан.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16