Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 12:45

Беларусьте экзит-полл Лукашенконың жеңіске жеткенін көрсетті

Сайлау
Фото: БелТА

Беларусьтегі сауалнама аяқталды, экзит-полл Лукашенконың жеңіске жеткенін көрсетті.Қазіргі президент жетінші рет сайлануы мүмкін.  

Беларусьтегі президент сайлауына арналған сайлау учаскелері жабылды. Экзит-поллдың алдын ала нәтижелері бойынша, қазіргі президент Александр Лукашенко 87,6 пайыз дауыс жинаған, деп хабарлайды БЕЛТА.

 Сайлауға қатысқан қалған кандидаттардың нәтижелері төмендегідей:

- Сергей Сыранков - 2,7%

- Олег Гайдукевич – 1,8%;

- Анна Канопатская - 1,6%;

- Александр Хизняк – 1,2%.

Беларусь орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға 52 елден 486 шетелдік  және 44 361 ұлттық бақылаушы қатысқан.

Еуроодақ Беларусьтегі президент сайлауын «жалған, еркін де, әділ де емес» деп атады.

Александр Лукашенко биыл қатарынан жетінші рет сайланып отыр. Оған қоса, тағы төрт үміткер – Коммунистік партияның бірінші хатшысы Сергей Сыранков, Либералдық-демократиялық партияның төрағасы Олег Гайдукевич, кәсіпкер Анна Канопатская, Еңбек және әділет Республикалық партиясының төрағасы Александр Хижняк қатысқан. Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская бұл сайлаудың нәтижесін белорустар да, халықаралық қауымдастық та мойындамайтынын айтты.