Беларусьте "Настоящее время" телеарнасының тілшілері қаза болды

17.05.2020, 03:00

3

Беларусьте «Настоящее время» телеарнасының «Неизвестная Беларусь» жобасы бойынша жұмыс істеген түсірілім тобының мүшелері Владимир Михайловский және Максим Гавриленко Гомельден Минскіге бара жатқан жолда көлік апатына ұшырап, қаза болды.

Режиссер Любовь Земцова жағдайы ауыр күйде реанимация бөлімінде жатыр. Журналистер көлігіне қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлік соқтығысқан.

«Бұл өте суық хабар. Жас кинематографистер керемет талантты, шабыттандыратын адамдар еді. Олар Беларусь жайлы аз немесе мүлде білмейтін аудиторияға арналған жаңа жоба бойынша жұмыс істеген. Олардың шығармашылық жұмысы жаңалық пен үмітке толы, оған бәріміз куәміз. Владимир мен Максимнің орны үңірейіп қалды. Біз олардың отбасымен бірге қайғырамыз. Кеше Любовьтің туған күні болды. Біз, бәріміз ол айығып кетеді деп үміттенеміз және тілейміз» деді Азат Еуропа/Азаттық радиосы корпорациясының президенті Джейми Флай. АЕ/АР «Америка дауысы» сайтымен бірігіп, «Настоящее время» жобасын жүзеге асырады.

Гомельден Минскіге қарай жол тартқан түсірілім тобы коронавирус жұққан науқастарды емдейтін дәрігерлерге көмектесіп жүрген еріктілер туралы бағдарлама түсірген.

«Неизвестная Беларусь» — «Настоящее время» телеарнасының ақпан айында шыққан жаңа бағдарламасы. Бұған дейін Минскідегі жұмысшылар, отбасылық әлімжеттік және ЖОО түлектерін тарату мемлекеттік бағдарламасы туралы төрт эпизод жарық көрген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58