Беларусьте өлім жазасы туралы сот үкімі орындалды

15.06.2019, 09:00

3

Беларусьте үш адамды қатыгездікпен өлтірді деп танылғандардың бірі — Александр Жильников атылды. Бұл туралы Жильниковтың туыстарына сілтеп, «Весна» құқық қорғау орталығы хабарлады.

Осы іс бойынша сотталған екінші азаматтың — Вячеслава Сухарконың қазіргі жайы әзірге белгісіз. Беларусьте әдетте бір қылмыстық іс бойынша өлім жазасына кесілгендердің үкімі бір уақытта орындалады.

Биыл мамырда адвокаттар Жильников пен Сухарконың ісі бойынша анықталған жаңа жайттарға байланысты шағым түсіруге әзірленіп жатқан. Бірақ шағым беріп үлгермеді. Минскіден екі азаматқа кесілген жазаны орындауды доғаруды БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті те сұраған.

Беларусь — Еуропада әлі күнге дейін өлім жазасын қолданып келе жатқан жалғыз мемлекет. Былтыр елде сот үкімі бойынша төрт адам атылған. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері Беларусьте 400-ден аса адам өлім жазасына кесілген. Еуропа одағы Минскіні жазаның бұл түрін жоюға бірнеше рет шақырған.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04