Беларусьте қарсылық акциялары жалғасты, Минскіде наразылардың бірі қаза болды

11.08.2020, 11:18

15

10 тамызда Минскіде президент сайлауының қорытындысы бұрмаланды деп есептейтін наразылар мен күштік құрылым өкілдері тағы да қақтығысып қалды.

Наразылық акциясында бір адам қаза болды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. Президент Александр Лукашенкоға қарсы наразылық акциясына қатысқандардың өлімін билік алғаш рет растап отыр.

ІІМ хабарлауынша, шеруге жиналғандар «Пушкинская» метро станциясы маңында баррикада құрған. Бұл жаққа арнайы жасақ келген. Министрліктің айтуынша, наразылардың бірінің қолында белгісіз жарылғыш зат болған, оны лақтырар кезде жарылып кеткен. Осылайша демонстрант қаза болған.

Министрліктен басқа бұл оқиға жайлы ешкім хабарлаған жоқ. Беларусь ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, дәл осы жерде демонстранттар мен милиция қақтығысқан. Милиция резеңке оқ, құлақ тұндыратын граната қолданған.

10 тамызда Минскімен қатар Беларусьтің өзге қалаларында да наразылық акциясы жалғасқан. 9 тамызда елде мыңдаған адам қатысқан шерулер өтіп, арнайы жасақ оларды күшпен таратқан. Шамамен үш мың адам ұсталған. Жүз адам жарақаттанған. «Весна» құқық қорғау тобы полиция көлігінің наразылардың бірін қағып кеткенін, соның салдарынан қаза болғанын хабарласа, ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Наразылық акциясына қатысқандар 9 тамызда өткен президент сайлауының қорытындысына қарсы шықты. Оған сәйкес, қазіргі президент Александр Лукашенко – 80,08 пайыз, оның басты қарсыласы Светлана Тихановская – 10,09 пайыз дауыс алған. Оппозиция мен жақтастары сайлау қорытындысы бұрмаланды деп есептейді.

Оқи отырыңыз: «Билік халықтың жеңісін ұрлады». Сарапшылар Беларусьтегі жағдай жайлы не дейді?

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39