Беларусьте ұсталған тәжік оппозиционері экстрадициялануы мүмкін

27.09.2019, 16:00

16

Беларусьте Тәжікстан билігінің өтінішімен тәжік оппозициялық белсендісі ұсталды, оны Душанбеге экстрадициялауы мүмкін деп хабарлады Human Constanta құқық қорғау тобы.

Құқық қорғау тобының өкілі Наста Лойканың айтуынша, билік тәжікстандық және ресейлік төлқұжаты бар Фарход Одинаевты бір күн бұрын беларусь-поляк шекарасындағы бақылау пунктінде ұстаған. Лойка Азаттыққа берген сұхбатында тәжік билігінің Одинаевқа «тыйым салынған ұйымға мүше болды» деген айып таққысы келетінін айтты.

Ақпарат бойынша, 42 жастағы тәжік белсендісі — Тәжікстанда «экстремистік ұйым» ретінде танылған «Исламды жаңғырту» партиясының мүшесі. 2013 жылы Мәскеуден хабар таратқан оппозициялық Safo TV телеарнасында істеген. Телеарнаны сол жылы Ресей тәжік билігінің өтіншімен жапқан деген болжам айтылады.

«Исламды жаңғырту» партиясының өкілдері Азаттыққа Одинаевтың жақында Варшавада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адам құқығы ахуалына арналған сессиясына қатысу үшін Польша визасын алғанын айтты.

Польшада қоныстанған «Еуразиялық диалог» институтының жетекшісі Мұхаммаджон Кабиров Одинаевтың Беларусьте ұсталғанын ЕҚЫҰ өкілдеріне айтып, олардан белсендіні босатуға көмектесуін сұраған.

Тәжікстанда ұзақ уақыт ықпалды партиялардың бірі саналып келген «Исламды жаңғырту» партиясын 2015 жылы билік экстремистік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салды. Партия жақтастарын қуғындап, ондаған мүшесі түрмеге қамалды. Құқық қорғаушылар мұның саяси астары бар деп санайды.

«Исламды жаңғырту» партиясының жетекшісі Мухиддин Кабири 2015 жылдан бері шетелде тұрады. Құқық қорғаушылар 1992 жылдан бері Тәжікстанды басқарып келе жатқан Эмомали Рахмон «оппоненттерін қуғындады, сөз бостандығын тұншықтырды» деп сынайды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39