Беларусьте жол апатына ұшыраған "Настоящее время" режиссері ауруханада қайтыс болды

24.05.2020, 03:00

5

Мамыр айында Беларусьте жол апатына ұшыраған «Настоящее время» арнасы түсірілім тобының үшінші мүшесі ауруханада қайтыс болды. Туыстары Любовь Земцованың Минск емханасында 22 мамырда көз жұмғанын хабарлады.

Танымал беларусь режиссері, документалист 28 жастағы Любовь Земцова 14 мамырда жол апаты болған жерден ауруханаға жеткізілгеннен кейін есін жимай, көз жұмды. Онымен бірге жұмыс істеген түсірілім тобының екі мүшесі — 33 жастағы режиссер Владимир Михайловский және 26 жастағы дыбыс режиссері Максим Гавриленко Гомель маңындағы жол апаты орнында қайтыс болған.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флай Земцованың өлімі — «АЕ/АР барлық қызметкерлері, оның отбасы мен Беларусь үшін үлкен қайғы» деп мәлімдеді.

«Неизвестная Беларусь» жобасы бойынша жұмыс істеген Земцова, Михайловский және Гавриленко Гомель қаласында коронавируспен күрескен дәрігерлерге көмектесіп жүрген еріктілер туралы бағдарламаға материал жинағаннан кейін Минскіге қайтып келе жатқан. Түсірілім тобы АЕ/АР «Америка дауысы» сайтымен бірігіп, жүзеге асырған «Настоящее время» арнасына фильм түсірген.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39