Беларусьтегі сайлау: Билікшіл экзит-полл Лукашенконың 79,9% дауыс алғанын хабарлады

10.08.2020, 05:20

5

Беларусьтегі Ұлттық экзит-полл нәтижесіне сай, Александр Лукашенко 9 тамызда өткен президент сайлауында 79,9% дауыс алған. Бұл туралы «Беларусь 1» мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

Биліктің экзит-поллы Лукашенконың басты қарсыласы Светлана Тихановская 6,8% дауыс жинағанын мәлімдеді. Басқа кандидаттардың экзит-полл нәтижесі:

  • Анна Канопацкая – 2,3%,
  • Андрей Дмитриев – 1,1%,
  • Сергей Черечень – 0,9%,
  • Барлық кандидатқа қарсы – 9,2%

Тихановская 9 тамыздағы баспасөз мәслихатында Минскідегі үш сайлау учаскесінде жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Шетелдегі альтернатив сауалнама нәтижесі бойынша, президент сайлауында Светлана Тихановская жеңіске жеткен. Экзит-полл ұйымдастырушылардың ақпаратынша, шетелдегі 19 сайлау учаскесіндегі дауыс санаудан кейін Тихановская 79,69% дауыс алған. 10,59% сайлаушы дауыс берудан бас тартқан. Лукашенко 6,25% дауыс иеленген.

Мюнхендегі экзит-полл нәтижесі. /> Мюнхендегі экзит-полл нәтижесі.

9 тамыз кешке Минск және елдің басқа қалалардында наразылық шарасы күшейді. Беларусь ақпарат агенттіктері, Telegram каналдар арнайы жасақ көшеде адамдарды ұстағанын хабарлады. Минск тұрғындары «Настоящее время» телеарнасының тілшісіне «79,9% дауысқа сенбейтінін, дауыстарын қорғау үшін наразылыққа бара жатқанын» айтты.

Тәуелсіз сарапшылар бұл сайлауда Лукашенконың 50 пайыздан аз дауыс жинағанын, билік сайлауды әділ өткізбегенін айтады.

Минскідегі, басқа елдердегі сайлау учаскелерінде ұзын сонар кезек пайда болып, көп адам дауыс бере алмады. 9 тамыз түс ауа Минск қаласында әскери көліктер мен полиция, арнайы жасақ көбейді. Сайлау алдында, сайлау күні арнайы жасақ елде жүздеген адамды ұстады.

Биылғы сайлау елді 26 жыл басқарып отырған Александр Лукашенко үшін қиынға соғып жатыр. Сайлау алдында елде оған қарсы наразылық күшейді. Жұрттың көбі елде өзгеріс болғанын қалайды.

Лукашенконың негізгі қарсыласы ретінде Светлана Тихановская күйеуі Сергей Тихановскийдің орнына түсті. Танымал видеоблогер Тихановский осы жылдың мамыр айында президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеген соң, қамауға алынып, сайлауға жіберілмеген.

Билік оппозициялық саясаткерлер Виктор Бабарико мен Валерий Цепкалоны кандидат ретінде тіркемей қойды. Бабариконы ұлымен бірге қамап тастады, Цепкало Ресейге кетті.

9 тамызда Цепкалоның әйелі Вероника Цепкало да Беларусьтен Ресейге кеткені хабарланды.

Оппозиция атынан сайлауға түсіп жатқан Светлана Тихановскаяның сайлауалды қолдау акцияларына мыңдаған адам жиналды. Мәселен, Минскідегі Тихановскаяның митингіне, еріктілер есебінше, 63 мыңдай адам жиналған. Лукашенко сайлау алдында саяси оппоненттерін «шетел агенттері» деп сынаған.

ЕҚЫҰ және тәуелсіз бақылаушылар Беларусьтегі сайлаулардың бәрін мойындамаған.

Минскіде әскери техника көбейді, қаланың кіреберісіне пост қойылды Фотогалерея

Минскіде әскери техника көбейді, қаланың кіреберісіне пост қойылды

9 тамыз, Беларусьтегі президент сайлауы аяқталған сәтте Минскіде күзет күшейіп, қала ішінде әскери техникалар көбейді. Қаланың орталығында милициямен қатар арнайы жасақ та көп.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27