Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:09, 02 Қаңтар 2023

Белгілі ғалым, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов 80-ге келді

None
None

Ғалымды туған күнінде «Атамұра» баспасының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед арнайы құттықтап барған.

Ол өзінің Facebook-тегі парақшасында қоян жылының алғашқы күнін Мұрат ағаны құттықтаудан бастағанды жөн көргенін жазған.

«Бүгін қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің ұлы, белгілі шығыстанушы, түркітанушы, мәдениеттанушы ғалым, тамаша эссеист, қазақ дипломатиясының қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезов 80 жасқа толып отыр. Осыған орай ырымшыл халықтың баласы ретінде қоян жылының алғашқы күнін Әуезовтер шаңырағына барып, Мұрат ағаны мерейтойымен құттықтаудан бастадым! Мұрат аға, туған күніңіз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін! Аман болыңыз, аға»,  дейді жазбасында Рақымғали Құл-Мұхаммед.

Мұрат Әуезов 1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов пен Фатима Ғабитованың ұлы. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын "Қытай филологиясы" мамандығы бойынша бітірген. Қызметтік жолында басшы да, депутат та, елші де болған.

Тегтер: