Белгісіз біреулер Азаттық тілшілеріне бұрыш баллонын шашып, жұмысына кедергі келтірді

07.07.2019, 08:00

4

6 шілде кешке Нұр-Сұлтандағы наразылық шарасынан тікелей эфирде ақпарат таратып жүрген Азаттық тілшілері Өркен Жоямерген мен Ержан Әмірхановқа белгісіз біреу бұрыш баллонын шашып кеткен. Ол баллонды Азаттық тілшілеріне бағыттағанмен ол жерде журналистер көп болғандықтан өзге де тілшілерге тиген.

— 45-50 жасқа таяған шашы ағарған сұр түсті футболка киген азамат Ержанның камерасын төмен қарай басып, сеуіп кетті. Ержан екеуіміз бұл кезде қатарынан бір жаққа қарап тұрғанбыз ғой. Менің оң жағымнан, Ержанның сол жағынан сеуіп кетті. Менің оң көзім, оң қолым, Ержанның сол көзі, сол қолы, қолтығына дейін сепкен. Ержан полицияға «бұрыш баллонын шашып кетті» деп айғайлады. Бірақ ешкім мән берген жоқ. Қазірге дейін қолымыз, көзіміз ашып тұр. Егер бетімізге тура шашқан кезде мүлде жұмысымызды жалғастыра алмас едік, — деді Өркен Жоямерген.

Бұл күні қолшатыр ұстаған маска таққан қара киімдегі екі адам Азаттықтың түсірілім тобына кедергі келтіріп, наразылық шарасынан ақпарат таратуға барынша бөгет жасаған. Олар камера бетін көлегейлеп, оқиғаны неғұрлым түсіртпеуге тырысқан. Бұған қоса, олар тілшілерге бейәдеп сөздер айтып, қоқан-лоқы жасаған.

Дәл осыған ұқсас жағдай Шымкентте де қайталанды. Көк және қара түсті қолшатыр ұстаған адам бірнеше сағат бойы Шымкенттегі Әл-Фараби алаңынан ақпарат таратқан Азаттық тілшісінің соңынан қалмай, түсіруіне кедергі жасаған. Сол маңда жүрген полиция осы адамдардың әрекетіне ешқандай шара қолданбаған.

6 шілде астана күні Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтөбеде полиция «рұқсат етілмеген митингке шыққан» жүздеген адамды ұстады.

Астана күні полиция адамдарды қалай ұстады? Фотогалерея

Астана күні полиция адамдарды қалай ұстады?

<div data-lbox-gallery-item-src=«gdb.rferl.org/54BF6ECF-BE2A-4FFC-AFD3-C3C862B0BFF4_w1024_q10_s.jpg» data-lbox-gallery-item-title=«6 шілде таңертең биліктегі "Нұр Отан" партиясы Алматыда рұқсат етілген митинг өткізіп, "елді арандатушыларды" сынаған. Митингіге қатысушылар "Әблязов нағыз алаяқ", "Соғысқа қарсымыз", "Экстремисті қолдама" деген жазуы бар плакат ұстап тұрды. »> 6 шілде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте полиция жүзден астам адамды ұстады. Бұл күні Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов халықты билікке қарсы наразылық шарасына шақырған. Қазақстан билігі Әблязов акциясын заңсыз деп санайды. <p />
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39