Белгісіз біреулер Азаттық тілшілеріне газ шашып, жұмысына кедергі келтірді

07.07.2019, 09:00

4

6 шілде кешке Нұр-Сұлтандағы наразылық шарасынан тікелей эфирде ақпарат таратқан Азаттық тілшілері Өркен Жоямерген мен Ержан Әмірхановқа белгісіз біреу шағын баллоннан газ шашып кеткен. Ол баллонды Азаттық тілшілеріне бағыттағанымен, сол жерде журналистер көп болғандықтан өзге де тілшілерге тиген.

— 45-50 жасқа таяған шашы ағарған сұр түсті футболка киген азамат Ержанның камерасын төмен қарай басып, газ сеуіп кетті. Ержан екеуіміз бұл кезде қатарынан бір жаққа қарап тұрғанбыз. Менің оң жағымнан, Ержанның сол жағынан сеуіп кетті. Менің оң көзім, оң қолым, Ержанның сол көзі, сол қолы, қолтығына дейін сепкен. Ержан полицияға «газ шашып кетті» деп айғайлады. Бірақ ешкім мән берген жоқ. Қазірге дейін қолымыз, көзіміз ашып тұр. Егер бетімізге тура шашқан кезде мүлде жұмысымызды жалғастыра алмас едік, — деді Өркен Жоямерген.

Бұл күні қолшатыр ұстаған маска таққан қара киімдегі екі адам Азаттықтың түсірілім тобына кедергі келтіріп, наразылық шарасынан ақпарат таратуға барынша бөгет жасаған. Олар камера бетін көлегейлеп, оқиғаны неғұрлым түсіртпеуге тырысқан. Бұған қоса, олар тілшілерге бейәдеп сөздер айтып, қоқан-лоқы жасаған.

Дәл осыған ұқсас жағдай Шымкентте де қайталанды. Көк және қара түсті қолшатыр ұстаған адам бірнеше сағат бойы Шымкенттегі Әл-Фараби алаңынан ақпарат таратқан Азаттық тілшісінің соңынан қалмай, түсіруіне кедергі жасаған. Сол маңда жүрген полиция осы адамдардың әрекетіне ешқандай шара қолданбаған.

6 шілде астана күні Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтөбеде полиция «рұқсат етілмеген митингке шыққан» жүздеген адамды ұстады.

Астана күні полиция адамдарды қалай ұстады? Фотогалерея

Астана күні полиция адамдарды қалай ұстады?

<div data-lbox-gallery-item-src=«gdb.rferl.org/54BF6ECF-BE2A-4FFC-AFD3-C3C862B0BFF4_w1024_q10_s.jpg» data-lbox-gallery-item-title=«6 шілде таңертең биліктегі "Нұр Отан" партиясы Алматыда рұқсат етілген митинг өткізіп, "елді арандатушыларды" сынаған. Митингіге қатысушылар "Әблязов нағыз алаяқ", "Соғысқа қарсымыз", "Экстремисті қолдама" деген жазуы бар плакат ұстап тұрды. »> 6 шілде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте полиция жүзден астам адамды ұстады. Бұл күні Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов халықты билікке қарсы наразылық шарасына шақырған. Қазақстан билігі Әблязов акциясын заңсыз деп санайды.

Нұр-Сұлтанда журналистерге қызмет барысында қолшатырмен кедергі жасау оқиғасы бірінші рет болып отырған жоқ. Алайда газ шашып, жұмысқа бөгет жасау алғаш рет кездесіп отыр.

Бұдан алдын, биыл 9 маусымда Нұр-Сұлтанда наразылық шарасынан хабар таратуға барған Азаттық тілшісі Тимур Айтмұхаметовке де белгісіз біреу қолшатырмен кедергі келтірген. Қолшатыр ұстаған адам Азаттық операторының камерасын жапқан.

Ал мамырдың 1-і күні Нұр-Сұлтандағы шарадан хабар тарату кезінде белгісіз адамдар Азаттық тілшісі Сәния Тойкеннің қолын қайырып, смартфонын тартып алған. Сол күні таңертең белгісіз адамдар Азаттық операторы Ержан Әмірхановтың көлігінің терезесін шағып кетсе, Тимур Айтмұханбетовтің тұрақта тұрған көлігігінің алдына әлдекімдер автокөлік қойып, жолын жауып тастаған.

22 наурызда да Қазақстан астанасындағы наразылықты түсіруге барған Азаттық тілшілері Өркен Жоямерген мен Тимур Айтмұханбетовке сол маңда жүрген, өздерін «студентпіз» деп таныстырған бір топ жас жұмыс істеуге кедергі келтірді. Азаттық тілшілерінің жұмысына кедергі келтіру сол күні Алматыда болған наразылық кезінде де байқалды. Бұған ұқсас оқиғалар Шымкентте де байқалған.

Оқи отырыңыз: Шымкентте полиция 50-ге жуық адамды ұстаған

«Азат Еуропа/Азаттық радиосы» медиакорпорациясы осы компанияның журналистеріне жасалған кедергіні сынаған. Медиакорпорация тілшілерге жасалған кедергіні «тәуелсіз журналистерге қысым және саяси оқиғалардан хабар таратуға тырысқан ақпарат құралдарын бақылауда ұстау әрекеті» деп бағалаған.​

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27