Белгілі актер Мұрат Бисембин дүниеден өтті
Қазақстанның белгілі актері Мұрат Бисембин 53 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды оның қызы Дина Болатова Instagram парақшасында жариялады. Әлеуметтік желіде марқұмның суретімен бірге актердің туған және қайтыс болған күні көрсетілген жазба пайда болды.
Ол ұзақ уақыт бойы қатерлі ісік дертімен күрескені белгілі. Соңғы айларда оның денсаулығы күрт нашарлап, ем қабылдап жүргені туралы ақпараттар тараған еді.
Мұрат Бисембин қазақ киносы өзіндік орны бар актер болатын. Ол көпшілікке қатал мінезді, қылмыстық орта өкілдері, “рекетир” бейнелері арқылы кеңінен танылды.
Ол 2001 жылдан бастап киноға түсе бастады. Ең таңдаулы кейіпкерлері ресейлік "Параграф 78" фильмі мен режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир" және "Ағайынды" фильмдерінде сомдалған. Бисембинге танымалдық алып келген "Рэкетир" фильмінен кейін көрермендер актерді әлі де аталмыш туындыдағы Руслан образымен байланыстырады.
Актерліктен бөлек Мұрат бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысқан.