Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 22:00

Белгілі журналист Диас Ахметшәріп дүниеден өтті

Ахметұлы
Фото: ашық дереккөз

Ол үш апта бұрын Маңғыстау облысына іссапар кезінде инсульт алып, комаға түскен еді. 

Содан бері Ақтау қалалық ауруханасында жатқан болатын.

Диас Ахметшәріп журналистикадағы еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосында тілші болып бастаған. Кейін «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында спорт журналисі ретінде ұзақ жылдар қызмет етті. Қазақстандағы алғашқы спорттық мемлекеттік телеарна — Kazsport телеарнасының алғашқы директоры болды. Сондай-ақ Insport телеарнасының бас редакторы қызметін атқарған.

2023 жылдың қазан айынан бері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарып келді.

Ол Қазақстан құрамасының баспасөз хатшысы ретінде бірнеше Олимпиада, Азия ойындары мен әлем чемпионаттарына қатысқан. Сондай-ақ түрлі министрліктер мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтерін басқарған.

Қазақстан журналистикасында өзіндік орны бар Диас Ахметшәріптің қазасы — барша әріптестері мен спорт және медиа саласы үшін орны толмас қайғы.

Марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз.

Тегтер: