Бэлла Орынбетова: Митинг – революция емес

04.04.2019, 19:03

17

Әлеуметтік желіде «Шүкір» хештегімен (#Шүкір) пайда болған арт-экспромт ә дегеннен-ақ біраз жұрттың назарын өзіне аударды. Әрине, жұрт жаппай түсініп, қолдай жөнелді деу артық шығар, дегенмен, «Шүкір», «Қазақтың тойы бітпесін», «Тұрақтылыққа рахмет» сынды «шүкіршіл» жазбаларды ұстап суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жүктеушілердің әрекеті кім-кімді де бей-жай қалдырмағаны анық. Сол #Шүкір авторларының бірі Бэлла ОРЫНБЕТОВА «Жас Алаш» тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

— Бэлла, сіздер жасап жүрген арт-экспромтты қарсылық деп атауға болады ғой?

— Иә, бұл ішкіқарсылықты білдірудің бір түрі. Бейбіт қару деп жатады, жүйеге қарсылықтың зорлық-зомбылықсыз,ешқандай топ құрусыз өтетін, ең бейбіт, ең қауіпсіз жолы.

— Қарсылықты тек митингілер, түрлі лозунгтар ұстапшығатын шерулер деп ұғатын біздің қоғам бейбіт қарсылық дегенді қаншалықтықабылдайды? Азаматтық қоғам қалыптасқан жоқ деп жүрміз, жалпы, қоғам дайын ба осыған?

— Қаншалықты дайынекенін білмедім, бірақ, бір жағынан, біз шеруге де шығатын едік. Рұқсат етсе.Шеруге шығып, айтарыңды айтып, іштегі сөзіңді, ойыңды білдіру де дұрыс. Бірақ,бізде ондай бейбіт шерулерге рұқсат берілмейді. Алаңда сөйлесең бірден ұстапәкетуі мүмкін. Осындай нәрселерді ескере келіп, өзіміздің ішкі қарсылығымызды,наразылығымызды осылай білдірсек дедік. Жалпы, Джин Шарптың «Зорлықсыз наразылық білдірудің 198 әдісі» кітабында айтылған түрлі амалдар бар. Оныжеліде де бөліскен едім. Соның ішіндеайтылған идеялар да ойландырды, портреттер салу, үнсіздік,...

— Аштық жариялау...

— Иә, бірақ, аштық жариялауды кез келген адам істеуі мүмкін. Ал, біз журналист болғандықтан аздап шығармашылық жағына мән беруге тырыстық. Бір байқағанымыз, адамдар бұған әр түрлі қарайды. Біздің суреттерімізге әлеуметтік желілерде әртүрлі пікір жазып жатыр, — оның ішінде танымал журналистер де бар, қарапайым адамдар да бар, — ол да біз үшін қызық. Мәселен, біреу: «Қоқыс болса өздерің жинай салмайсыңдар ма!» дейді. Бұл суреттерден экологиялық проблеманы ғана көріп тр. Өнердің өзі сол ғой, әркім әрқалай қабылдайды. Сол себепті, бұл заңдылық деуге болады. Қоғамның дайын, дайын емес екенін нақты айта алмаймын, бірақ, осы жағдайдың өзі біраз нәрсені көрсетеді.

— Бұл қандай да бір бейресми акция ма, әлде жеке шығармашылықжұмыс ретінде түсінген дұрыс па?

— Жоқ, акция емес. Акция адамдарды бір нәрсеге шақырады ғой, жиналайық, бүйтейік, сүйтейік дегендей. Біздің іс-әрекетімізде ешқандай ондай сөздер болған жоқ, шақырулар жоқ. Қазіргі қоғам мен адамдардың тұрмысы мен күйін білдіретін жазбаларды, суреттерді алдық, бірақ, ешқандай ұран тастаған жоқпыз. Іштегі қарсылығымызды шығарудың амалсыз бір жолы бұл.

— Болашақта тағы біреулер қосылып, бұл бастамаларыңыз «челленжге»ұласып, соңы акцияға… айналуы да мүмкін ғой?

— Білмедім енді. Бізешбір оппозициялық топқа, өзге қозғалысқа қатысымыз жоқ. Акция жасап, жұрттыдүрліктіру де, бір жаққа ерту де ойымызда болған жоқ. Біздің мұрат барпроблемаға назар аударту, ойландыру. Білесіз бе, біз жастармен көп сөйлесеміз,орталарында көп боламыз, солардың көбі үкімет мүшелерін білмейді, президенттібіледі, болды. Жастардың өзі сайлау деген мәжбүрлі түрде сүйреп апарып, қолқойғызып, қайтадан жібере салатын бір науқан, алаулатып-жалаулатып өткізесалатын акция деп ойлайды. Ал, ол олардың ертеңі, елінің тағдыры шешілетін сәтболуға тиіс қой. Ал, оларға бәрі бір, үкіметке кім келіп жатыр, кім кетіпжатыр…

Ары қарай акцияғажалғасып кетеді, кетпейді дегенді білмеймін, бірақ, осы әрекетімізді ары қарайжалғастырмақпыз. Жастарға олардың құқығы бар екенін, таңдай алатынынұғындыруымыз керек. Оларды бір саясиландырып, саясатқа араластыру емес, бірақ,саясаттың олардың өміріне әсері бар екенін түсіндіргіміз келеді.

— Қазір осы бастаманы іліп әкетіп, өздігінен жалғастырыпжатқандар бар ма?

— Түрлі қалалардажалғастырып жатқандар бар. Хабарласып жатады, «біз де жасайық, жалғастырайық,кездесссек, қалай жасауға болады?» деп. Өздері тұратын жерлерді суреткетүсіріп, өздерінің өмірлеріндегі сұрқай көріністерді шығарып жатқандар да бар.

— Ондай адамдарға сіздердің тараптарыңыздан авторлыққұқық мәселесі жағынан қарсылық жоқ па?

— Жоқ, ондайқарсылық жоқ. Өйткені, біз мұны ойлап тапқан жоқпыз, бұл идея Ресейде,Украинада болған...

— Жалпы, арт-экспромттың тарихы, нақты бір үлгісі бар ма?

— Білмедім, бізтарихын зерттеп көрген жоқпыз. Бұл ешқандай да арнайы жасалған, ойластырылған,үлкен жоспарға сәйкес жасалған астарлы нәрсе емес. Бұл біздің өз өміріміздіңішкі иірімдерінен алынған дүниелер. Мысалы, өткенде Астананың аты ауысады дегенсөз шықты. Басында ойладық, бұл да бір кезекті ойын, өзгертпейтін шығар,дұрысталатын шығар деп. Одан кейін сол айтқан өзгерістер жылдам орын алып кеттіде, шынын айтқанда есеңгіреп қалдық. Содан кейін, ішіміздегі жиналып қалғанқыжылды шығаруды жөн көрдік, әйтпесе, осы арқылы мына мәселені көтерейік, ананышығарайық деген нақты жоспар болған жоқ.

— Әлеуметтік желідегі пікірлерді қарасам, билік үшінмұндай нәрселер және өздерің қорқынышты емессіңдер, жалғастыра беріңдер дегенсияқты бір пікірлер жүр. Бір жағынан жанды да пікір. Осы арт-экспромтты бастағандабилік санассын деген ой басым болды ма, әлде, халықтың рухани деңгейін көтерумақсаты ма?

— Мемлекеттіңқұндылығы адам болса, адамның құндылығы – олар қалыпты өмір сүру үшінтұрақтылықты білдіретін – заң болу керек. Конституция! Өзгермеуге тиіс, адамдарсенім артуға тиіс конституцияның өзі тұрақты болмай тұр. Белгілі бір адамдарқаласа өзгере салатын нәрсе болып қалды. Біздің де құқығымыз көп, бірақ, бізсоның тапталып жатқанын елемейміз. Мысалы, кино көрдік дейік, мен Қазақстандатұрып жатырмын, қазақ тілді адаммын, қазақша көруім керек қой? Ал, мен соныорысша көрем де, титрдан қате-қате аудармасын оқып отырам. Менің құқығымтапталды ма, жоқ па? Тағы бір мысал, БАҚ туралы заңды қараңызшы, журналистіңзерттеу жасауына көмектесудің орнына қаптаған кедергілер қойып тастаған.

Астананың атауынөзгерту үлкен мәселе ғой, халықтан сұрау керек еді, қалай ма, қаламай ма?Немесе Сенат төрағасын ауыстыру… Осының бәрінен кейін, біз үкіметке «сендербіздің аузымызды қанша жапсаңдар да, біз айтар ойымызды астарлап болсын,тұспалдап болсын, өнер арқылы болсын айта аламыз» дегенді білдіргіміз келеді.Қазір баспасөзге мақала жазсаң алмауы мүмкін, басуға қорқуы мүмкін, бірақ,әлеуметтік желі бар ғой, демек, сөзіңді айтудың жолы бар. Үкіметке айтқымкелгені сол, «қаласаңдар да, қаламасаңдар да халық өз сөзін айтудың жолын табады».Бұл үшін халықты митингке шақырудың керегі жоқ, ол өзі де пісіп, жетіліп тұрғаннәрсе. Адамның қарсылығын білдіруіне мүмкіндік бермесе, онда басқа жағдайларғаушығып кетуі мүмкін.

— Менің түсінігімде, сіздердің әрекеттеріңіз бәріне шүкірете беру дегенге қарсылық қой. Өтіріктерді әшкерелеу, жасанды идеологияны,халық санасында қатып қалған стереотиптерді сынау деп түсінуге болады ғой?

— Шүкірлік дегенқажет қой, қанағат деген де жақсы. Бірақ, жарымай отырсаң қайдағы қанағат?! 565миллиардқа көрме өткізіп, халықты сапалы білім мен медициналық қызметпенқамтамасыз ете алмай отырып тойға шашылуға шүкіршілік етуге бола ма енді?Астананың атын ауыстыруға шашылуға қандай қанағат керек? Адамдардың аузы асқажарымай отырып, үлкен шаралар өткізуге келісе беруге болмайды ғой.

— Менің есіме бір сурет түсіп тұр, қоқыста намаз оқыпжатқан қара нәсілді баланың суреті. Сондай нәрселерді біздің ел қатты жақсыкөреді ғой, пікір айтады, талқылайды, сүйсінеді, бөлісіп әкетеді. Неге сондайнәрсе жасамадыңыз деп сұрау артық шығар, бірақ, осы сурет пен сіздердіңсуреттің қайсысы біздің қоғамға керегірек?

— Мынау қажет,мынау қажет емес деген нәрсе болмайды ғой, қоғамға барлық нәрсе керек шығар, ойәртүрлі болу керек деген сияқты. Сосын, жаңағыдай демотиваторды кім жасады,қандай мақсатпен жасады дегенді адамдар білу керек. Бұл демотиватор манипуляцияқұралы да болуы мүмкін, сіздің назарыңызды кім қайда бұрғысы келеді, осыжөнінде ойланған жөн.

Билік халықты текфон ретінде ғана бағалауды, олар ештеңені көрмейді деп ойлағанды доғаруы керек.Біздің ішкі қарсылығымыз осыған негізделеді. Халықтың өзі де қарсылық білдірсебәрін қиратып, бунт жасау емес, үкіметке өз талабын қойып, мәдени диалогқадайын болуы керек. Олар өздерін тұншықтырған сайын, баса берген сайын митингтіреволюция ретінде түсінеді. Билік те солай. Митинг деген олай емес қой, бұладамдардың еркімен жиналып, өз позициясын білдіруі.

— Сіздің шығармашылық топта қанша адам бар?

— Төртеу болғанбыз.Бұл қарапайым журналист, блогерлер. Қайталап айтайын біздің арт-экспормтқа ешқозғалыс, оппозициялық топтардың қатысы жоқ. Біздің мақсат-мұратымыз мүлдемсәйкеспейді. Бірақ көзқарасымыз бір жерден шығатын, біздің мақсаттықолдайтындар, қосылам дегендер көбейіп жатыр. Журналистерден, белсенділерденбөлек, қарапайым халық та қолдау білдіруге дайын екенін айтып жатыр. Идея қосыпжатыр.

— Қаржылық демеушілеріңіз бар ма?

— Жоқ. Демеушідейтіндей, соған көп те ақша кеткен жоқ. Бұл еркін шығармашылық дүние. Ешқандайақша, саясат, астыртын мақсат жоқ.

— Рахмет, істеріңіздің жалғасын табуын тілейміз. 

Сұхбаттасқан Алмас НҮСІП.

Фотолар Facebook-тан алынды.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16