Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Белсенді Айнұр Илияшев АЭС салу шешімі үшін үкіметті сотқа берді

Айнұр Илияшев
Фото: Вадим Борейко/facebook

Белсенді Айнұр Илияшев үкіметті сотқа берді. Ол 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған №1137 қаулының заңдылығын даулауда.

 Бұл құжатта «Атом электр станциясын (АЭС) салу орны ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы белгіленсін» деп көрсетілген. Аталған аймақта — Балқаш көлінің жағасындағы Үлкен ауылында — Қазақстан тарихындағы алғашқы АЭС құрылысы жоспарланып жатыр. 

АЭС пен әскери полигон арасындағы 22 шақырым

Алайда бұл аймаққа небәрі 22 шақырым жерде — Ресей жалға алып отырған Сары-Шаған әскери сынақ полигоны орналасқан. Бұл полигонда баллистикалық зымырандар мен басқа да қару түрлері сыналады. Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге сай, Сары-Шаған полигонының жалға беру мерзімі 2030 жылға дейін ұзартылған.

Айнұр Илияшевтің уәжіне сәйкес, бұл жағдай Қазақстан Конституциясына, экологиялық заңдарға және МАГАТЭ қауіпсіздік нормаларына қайшы келеді. МАГАТЭ стандарттары бойынша, атом электр станциясы әскери объектілер мен бомбалау жаттығулары жүргізілетін әуе дәліздерінен кемінде 30 шақырым қашықтықта орналасуы тиіс.

21 мамырда Астанадағы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сот белсендінің талап арызын тіркегені туралы ресми түрде хабарлаған.

Тегтер: