Бүгін, 14:30
Белсенді Яра Тычины «ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу» заңына қарсы пикет үшін айыппұл төлейді
Власть басылымының хабарлауынша, белсенді Яра Тычины жалғыз адамдық пикет өткізгені үшін 129 750 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Еске салайық, желтоқсан айының басында Тычины «ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін» түзетулерден бас тартуды талап етіп, жалғыз адамдық пикетке шыққан. Пикет басталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң Тычыны ұстап, Астанадағы Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізген.
Айта кетейік, 2025 жылғы 30 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда «ЛГБТ-ны насихаттауға» ресми түрде тыйым салатын заңға қол қойған.