Белсенді белгісіз біреулер өзіне "қастандық жасамақ болды" деп күдіктенеді

03.06.2019, 09:00

7

Билікті сынап жүрген 72 жастағы қарағандылық белсенді Айтқожа Фазылов белгісіз біреулер өзіне "қастандық жасамақ болды" деп күдіктенеді. Белсендінің айтуынша, 31 мамыр кешке қаладағы саябақ маңына тоқтатып қойған көлігінің тежегіш шлангісін біреулер кесіп тастаған.

«Көліктің астында тежегіш сұйықтығының төгілгенін көрдім. Көліктің астына үңілсем, тежегіш сұйықтығының шлангісі кесіліп тұрғанын байқадым. Полиция қызметкері келіп, шлангінің кесілгенін растады» деп хабарлады Фазылов Facebook-тағы парақшасында.

"; //parse XFBML, because it is not nativelly working onload if (!fbParse()) { var c = 0, FBParseTimer = window.setInterval(function () { c++; if (fbParse()) clearInterval(FBParseTimer); if (c === 20) { //5s max thisSnippet.innerHTML = «Facebook API failed to initialize.»; clearInterval(FBParseTimer); } }, 250); } } }; thisSnippet.className = «facebookSnippetProcessed»; if (d.readyState === «uninitialized» || d.readyState === «loading») window.addEventListener(«load», render); else //liveblog, ajax render(); })(document);

Белсендінің айтуынша, оның көлігінен бірнеше мерт жерде бақылау камерасы болған. Бұл оқиғаның мәнісін анықтауға көмектескен болар еді деп санайды. Алайда Фазылов полицияға шағым түсірген кезде ондағы қызметкерлер «тежегіш сымын кесу фактісі бойынша шағым номенклатуралық іске» жатады деп қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. Егер шешіммен келіспесе, прокуратураға немесе сотқа шағымдануға болатынын айтқан.

Әлеуметтік желіде қолданушылар оқиғаға байланысты наразылық білдіріп, белсенді Қарағанды облыстық прокуратурасына шағымданғаннан кейін полицейлер «Біреудің мүлкін қасақана бүлдіру» бойынша іс қозғаған. Полиция департаменті автотехникалық сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Жақында облыстық прокуратураның қабылдауына баратынын айтқан белсенді "қастандық жасау" бойынша істі зерттеу қажеттігін айтып отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13