Белсенді Данияр Хасеновке қозғалған іс тоқтатылғаны хабарланды

02.10.2019, 02:00

3

Алматы қаласында тұратын белсенді Данияр Хасеновтің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

Данияр Хасеновтің үстінен 21 маусымда Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының «идеяларын белсенді қолдады және жұмысын ұйымдастырға қатысты» деген айыппен Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.

Тергеуші Толғанай Ержанова 4 қыркүйекте шығарған қаулыда «Данияр Хасеновтің әрекетінде қылмыс байқалмаған» деп көрсетілген.

Данияр Хасенов қылмыстық іс тоқтатылғаны жайлы естігенін, қазір Еуропада адам құқығы бойынша Италия федерациясы өткізетін «кездесулер мен конференцияларға қатысып жүргенін» айтты.

Хасенов жайлы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен комментарий алу мүмкін болмады.

Алматы медицина университетінің студенті, FIDU еріктісі 23 жастағы Данияр Хасенов «рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін» бірнеше рет ұсталған.

Қазақстан билігі бұрын оның «Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы жиынында Қазақстандағы адам құқығы жайлы» Еуропаға барып сөйлеуіне кедергі жасаған. Алайда ол қыркүйекте Варшавада өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының дәстүрлі отырысына қатысып, «митинг туралы заңды бұзды» деген айыппен Қазақстан азаматтарының жауапқа тартылып, қамауға алынатыны жайлы сөйлеген.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34