Белсенді Галина Арзамасоваға қарсы шабуылға күдіктінің ұсталғаны хабарланды

27.08.2019, 16:00

4

Алматы облысында азаматтық белсенді Галина Арзамасоваға оқ атқан деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 27 тамызда таратқан ақпаратта белсендіге қарсы шабуылға күдікті ретінде ұсталған Талғар ауданының 22 жастағы тұрғынынан пневматикалық қару табылғаны айтылған.

Полиция Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» туралы 293-бабының 3-бөлігі («атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер») бойынша іс қозғаған.

Талғар ауданындағы Қарабұлақ ауылының тұрғыны Галина Арзамасова 26 тамызда аудандық әкімдік алдында өзіне белгісіз біреулердің «пневматикалық қарудан атқан оғы жамбас сүйегіне тигені» туралы сол күні Азаттыққа хабарлаған. Дәрігерлер белсендіге көмек көрсеткен соң үйіне қайтарған. Белсенінің сөзінше, оқиға болған жерге келген полиция өкілдері хаттама толтырмаған.

27 тамыз күні Азаттық тілшісі телефонмен хабарласқан Арзамасова тергеушілердің оған қайда екенін журналистерге айтуға тыйым салғанын жеткізді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Азаттық тілшісіне Арзамасова бұл шабуыл өзін жергілікті әкімшілік басшысымен кездестірмеу үшін жасалған болуы мүмкін деп санайтынын айтты. Жергілікті атқарушы билік органдарының ашықтығын талап етіп жүрген белсенді 2017 жылы өзіне белгісіз біреулер екі рет шабуылдағаны туралы мәлімдеген. Сонымен бірге ол үйіне ұрылар түсіп, баспанасын өртеуге әрекет жасалғанын айтқан.

Арзамасова бұған дейінгі шабуылдарды Панфилов ауылдық округіндегі тоғайлы жерлерді тұрғындардың рұқсатынсыз сатылымға қоюға қарсылық білдіріп, мал өрісінің тарлығы мен су тапшылығы, жолдың сапасыз салынғаны туралы қоғамдық маңызы бар проблемалар көтерген белсенділігімен байланыстырған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Қазақстанда әлеуметтік-саяси мәселелерді көтеріп жүретін азаматтық және кәсіподақ белсенділері қоқан-лоқы мен қудалауға жиі ұшырайды.

Биыл мамырда «жиырма жылдан бері қоғамдық жұмыспен айналысып, тұрғындар мәселесін көтеріп жүрген» қарағандылық белсенді Ғалы Бақтыбаевты үйінің алдында белгісіз біреулер атып өлтіріп кетті. Туыстарының сөзінше, қазасына дейін белсендіге бірнеше рет қастандық жасалған. 22 тамызда Қазақстанның ішкі істер министрлігі «Бақтыбаевты өлтіміне күдікті төрт адамның ұсталғанын» хабарлады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39