Белсенді Хасеновтің шетелге шыға алмауының "себебі" анықталды

18.07.2019, 09:00

19

Қазақстандық азаматтық белсенді Данияр Хасенов "қылмыстық істе қорғалу құқығына ие куәгер болғандықтан" шетелге шыға алмады. 17 шілдеде Алматы қалалық полиция департаментінің белсендіге берген ресми жауабында осылай деп жазылған.

Қылмыстық іс 405-бап («тыйым салынған ұйымның жұмысына қатысты») бойынша қозғалған, онда Хасенов "қорғауға құқығы бар куәгер" ретінде көрсетілген. Осы іске байланысты белсендінің елден кетуіне тыйым салынған.

— Егер маған қатысты іс қозғалса, әлі күнге дейін неге мені хабардар етпеген? Екіншіден, берген жауабында тыйымның "қандай да бір процессуалдық шешім қабылданға дейін" сақталатыны көрсетілген. Мені алғаш полицияға алып келгеннен бері бес ай өтті. Осы бес айда әлі ешқандай шешім қабылдамаған, енді оларға тағы қанша уақыт керек? — деді белсенді Азаттық тілшісіне.

Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті Данияр Хасенов Еуропада өтуі тиіс болған бір айлық тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысу үшін бұған дейін алты рет талпыныс жасаған. Бірақ оны шекарашылар жібермеген. Оның себебін білу үшін 24 маусымда полицияға шағым түсіріп, жауабын бүгін ғана алды. Енді бұл фактіге қатысты прокуратураға шағым түсірмекші.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Маусым айының аяғында Еуропадағы ПАСЕ (Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы) жиынына қатысу үшін Еуропаға ұшпақ болған кезде Хасеновке Алматы әуежайында “қалалық полиция департаментінің елден кетуге тыйым салғаны” туралы ескерту қағазын берген. Ол тыйым жайлы алғаш рет осы кезде білген.

“Сол тыйымның кесірінен Қазақстандағы адам құқығы ахуалына арналған ПАСЕ жиынына да, қазір Венада өтіп жатқан медицина саласы бойынша тәжірибе алмасу бағдарламасына (стажировка) да қатысу мүмкіндігінен айрылдым” деген еді белсенді. Оның айтуынша, әуежайда берілген бір жапырақ ескерту қағазында кімнің қандай негізде елден кетуге тыйым салынғаны туралы бірде-бір дерек жазылмаған. Ол осы тыйымға байланысты көрші Қырғызстанға да бара алмаған.

Биыл Қазақстанда өткен наразылық акцияларына қатысқан Хасеновті полиция бірнеше рет ұстаған. Данияр Хасенов – Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Тусктің Қазақстанға сапары қарсаңында мамыр айында «елдегі адам құқығының өрескел бұзылуы» жайлы ашықхат жазғанбір топжастың бірі. Бұл хаттан кейін кейбір студенттер университет басшылығы мен прокуратура шақырып, қысым жасады деп шағымданған.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39