Белсенді Қайырлы Омар бостандыққа шықты

29.02.2020, 02:59

3

Былтыр "Өкілеттікті теріс пайдалану" (Қылмыстық кодекстің 250-бабы) бабы бойынша айыпталып, екі жылға сотталған «Жер тағдыры» қоғамдық ұйымының басшысы Қайырлы Омар 28 ақпанда бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты Азаттыққа адвокат Василий Садықов хабарлады.

— Бүгін түске дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы қоныстандыру колониясынан босап шықты. Қазір отбасымен үйінде. Негізі кеше босатуы тиіс болған. Бірақ колонияға сот қаулысының күшіне енгені туралы анықтама түспей, тағы бір тәулікке созған, — деді Василий Садықов.

12 ақпанда Нұр-Сұлтанның Байқоңыр аудандық соты Қайырлы Омардың "қауіпсіздігі барынша төмен колониядағы бір күнін екі күнге есептеп", жазаны қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырған еді. Судья егер апелляцияға шағым түспесе, сот үкімінің 15 күннен кейін күшіне енетінін айтқан.

Оқи отырыңыз: Сот белсенді Қайырлы Омардың жазаны қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырды

Нұр-Сұлтандағы №2 Сарыарқа аудандық соты 29 қазанда «Жер тағдыры» қоғамдық ұйымының басшысы Қайырлы Омарды бас бостандығынан екі жылға айыру туралы үкім шығарған.

Оған әуелде Қылмыстық кодекстің 189-бабындағы «сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салды» деген айып тағылған еді. Ал кейін айыптау бабы "Өкілеттікті теріс пайдалану" (Қылмыстық кодекстің 250-бабы) деп өзгертілген.​ Қаңтар айында оның апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. ​

59 жастағы белсенді Қайырлы Омар қамауға алынғанға дейін «Азат шаңырағы» жеке пәтер иелері кооперативінің төрағасы қызметін атқарған. Омарға қатысты қылмыстық іс ол басқарған кооператив үйлеріндегі пәтерлердің бірін жалдап тұрған Жанар Қозыбақованың полицияға «жөндеу жұмысы үшін төлеген 4 мың теңгемнің қалай жұмсалғанын білгім келеді» деген арызынан соң қозғалған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34