Белсенді Руслан Жанпейісов бір жылға бас бостандығынан айрылды

30.07.2020, 16:11

4

30 шілде күні Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты полицейлердің әрекетін видеоға түсіріп, заңға қайшы қимылдарын сынап жүрген белсенді Руслан Жанпейісовті (құжаттағы есімі — Бейбарыс Райымбеков) бір жылға бас бостандығынан айырды. Судья Сәбит Төрехановтың Азаттыққа айтуынша, Жанпейісов кінәсін "ішінара мойындаған".

Жанпейісов Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» және «Билік өкілін қорлау» бабымен кінәлі деп танылған. Ол жазасын қоныстандыру колониясында өтейді.

Жәбірленушілердің моральдық шығын өндіру туралы талабы ескерілген. Сот үкімі бойынша, Жанпейісов Мұсаевқа — 400 мың теңге, Қуандықовқа 150 мың теңге төлеуі тиіс.

Бұл істе жәбірленуші ретінде Шымкент қаласының тұрғыны Пірім Мұсаев пен қалалық полиция департаментінің инспекторы Марат Қуандықов танылған. Айыптау тарабының айтуынша, Жанпейісов Мұсаевтың «денсаулығына қасақана зиян келтіріп, аэрозольмен екі көзін күйдірген», ал Қуандықовтың «билік өкілі екенін біле тұра балағаттап, қорлаған».

Сот үкіміне байланысты Жанпейісовтің адвокаты мен туыстарынан түсініктеме алу мүмкін болмады. Олардың үкімге апелляциялық шағым түсіретіні-түсірмейтіні белгісіз.

Қаңтар айында Жанпейісов Азаттық тілшісіне «көлік жүргізіп келе жатқан Пірім Мұсаевқа қауіпсіздік белбеуін тағуды ұмытқанын айтқан кезде таяқ алып жүгіргенін», өзін "қорғау мақсатында оған қызыл бұрыш шашқанын" айтқан еді. Белсенді "өзге жеке көліктің жол жүру ережесін бұзып тұрғанын түсірмек болғанда полицейлердің түсіруге кедергі келтіргенін" айтқан болатын.

Істі қараған судья Сәбит Төреханов жәбірленушілердің айыпталушыға кешірім бермегенін, қатаң жаза тағайындауды сұрағанын айтады. Бірақ Жанпейісовтің айыпты ішінара мойындағаны және кәмелет жасқа толмаған балалары бар екені ескерілген.

Сот процесі қаңтар айында басталған. Сот тергеуі кезінде бірнеше сараптама тағайындалған. Пандемияға байланысты тергеу онлайн режимде жалғасқан.

2017 жылдың қыркүйегінде Шымкенттегі Абай аудандық соты белсенді Руслан Жанпейісовтің бас бостандығын екі жарым жылға шектеген. Сот оны Қылмыстық кодекстің «Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану» және «Қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласу» бабымен айыпты деп таныған.

Сәуір айында елде коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай жарияланған кезде белсенді «ТЖ режимін бұзды» деп айыпталып, 40 күнге қамалып шыққан. Сол кезде сот «Жанпейісов шектеуге қарамастан кешке жақын көшеде жеке көлігімен жүріп, ереже бұзды. Тікелей эфирге шығып, карантин шектеулеріне қарсылығын білдіріп, полиция жұмысына кедергі келтірді» деп мәлімдеген еді. Ал белсенді мен адвокаты сот шешімімен келіспеген. Дегенмен кейінірек белсенді әрекеті үшін биліктен кешірім сұраған.

Оқи отырыңыз: Қамаудан шыққан белсенді Жанпейісов биліктен кешірім сұрады

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58