Белсенді Закированың үстінен қозғалған қылмыстық істің негізгі отырысы маусымда басталады

26.05.2020, 12:09

2

Алматының Медеу аудандық сотының судьясы Залина Махарадзе, белсенді Санавар Закироваға қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауын аяқтап, негізгі процессті 1 маусымға белгіледі.

Закироваға «Нұр Отан» партиясы мүшесінің қызының «денсаулығына зиян келтірді» деген айып тағылған.

Процеске прокурор Айдос Садыбеков және жәбірленуші Д.Ш. қатысып жатыр.

Санавар Закироваға «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бабы (Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 2-бөлігі) бойынша айып тағылған. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхат берген.

Айыптау тарабының айтуынша, 51 жастағы Санавар Закирова 8 наурызда «бұзақы ниетпен „Нұр Отан“ партиясы мүшесінің қызы — 39 жастағы Д.Ш. денсаулығына зиян келтірген». «Нұр Отан» мүшесі Т.Ш. бұл іс бойынша куә ретінде танылған.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Партияның аталған мүшесі және тағы бірнеше адамның шағымы бойынша былтыр қараша айында Жетісу аудандық соты белсенділер Санавар Закирова, Әлнұр Ильяшев, Марат Тұрымбетовтен моральдық өтемақы ретінде 6 млн теңге өндіріп беру туралы қаулы шығарған. «Нұр Отан» партиясының мүшелері ол іс бойынша жәбірленуші ретінде танылды.

Бірнеше күннен соң Закирова өтемақыға ақша жинау үшін астанада мешіт алдында "Қайыр садақа" сұрап, акция өткізген.

Белсендіні полиция ұстап әкетіп, "Қоғамдық орынның шырқын бұзды" (Әкімшілік кодекстің 449-бабы) деп айыптап, 12 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Қаңтар айында Алматы қаласының апелляциялық соты белсендінің шағымын қанағаттандырмай, шешімді өзгеріссіз қалдырды.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34