"Белсендіге оқ атуға тапсырыс берді" делінген бұрынғы әкім қамауға алынды деп айтылады

16.01.2020, 15:25

5

«БелсендіГалина Арзамасоваға оқ ату» ісі бойынша айыпталған Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазов қамауға алынды. Бұл ақпаратты Азаттық тілшісіне жәбірленуші Галина Арзамасова хабарлады.

— Бүгін жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігінің ішкі қауіпсіздік аппараты департаментінің жетекшісі Мұрат Қарымсақов хабарласып, менің өтінішім бойынша Аппазовтың уақытша қамау изоляторына қамалғанын айтты. Енді сот болады, оны қанша уақытқа қамайтынын шешуі тиіс, — деді Галина Арзамасова 16 қаңтарда.

14 қаңтарда болған сот отырысы кезінде айыптау актісі оқылып, онда Аппазовтың ауыл басшылығын сынап жүрген белсендіге шабуыл жасауға тапсырыс бергені айтылған еді. Айыптау тарабының айтуынша, бұрынғы әкім жүргізушісіне (бұл іс бойынша екінші айыпталушы) пневматикалық мылтықпен белсендінің оң жақ жамбас тұсына оқ атуды бұйырған. Бұған қоса, белсендінің ауласына жанармай толған әйнек бөтелкесін лақтырып, белгісіз тапаншамен бірнеше оқ атуын сұраған.

Аппазов пен Сманов та айыптау актісімен толық келіспеді. Олар оның алдында «тергеу дұрыс жүрмеді» деп айтқан.

Оқи отырыңыз: «Белсенді Арзамасоваға оқ ату» ісі бойынша сотта айыптау актісі оқылды

Жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі 16 қаңтарда таңертең Аппазовтың қамалуына байланысты «ақпараты жоғын» айтты.

Арзамасованың айтуынша, «оқ ату оқиғасынан» бөлек, бұған дейін өзіне жасалған бұрынғы шабуылдар бойынша да іс қозғалып, бірақ соңы «сиырқұйымшақтанып» кеткен. Олардың бәрі бір өндіріске біріктірілмеген. Ол "ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың бұған қатысы болғандықтан бұл істің біріккенін қаламайтын" топтар бар деп топшылайды.

Талғар ауданындағы Қарабұлақ ауылының тұрғыны, белсенді Галина Арзамасова 26 тамызда аудандық әкімдік алдында өзіне белгісіз біреулердің «пневматикалық қарудан атқан оғы жамбас сүйегіне тигені» туралы Азаттыққа хабарлаған еді. Ол Талғар ауданы әкімінің қабылдауына Қарабұлақтағы мектеп маңындағы жердің жекеменшікке берілгенін, жерді алған адам үй салмақ боп жатқанын айтуға келген. Алған жарақатына қарамастан ол аудан әкіміне кіріп, мәселелерін жеткізген. Кейінірек ауруханаға түскен. Осы оқиғадан соң аудандық әкімдік Қарабұлақтағы мектеп маңындағы жердің қалай сатылып кеткенін тексере бастаған.

Кейін Қарабұлақ ауылы қарайтын Панфилов ауылдық округінің әкімі Нұрғали Аппазов пен жүргізушісі күдікті ретінде ұсталған. Олар тергеу басталғанда екі айға қамалып, кейін кепілмен босап шыққан еді.

Видео: Билікті сынаған белсендіге оқ атты (Тамыз айы, 2019 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Белсенді Арзамасоваға әкімдік алдында оқ атты» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Белсенді Арзамасоваға әкімдік алдында оқ атты please wait <video poster=«gdb.rferl.org/12cb9e46-edb3-46de-9f5e-cf0d90e3ebdb_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2019/08/1/12/12cb9e46-edb3-46de-9f5e-cf0d90e3ebdb,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/1/12/12cb9e46-edb3-46de-9f5e-cf0d90e3ebdb.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/1/12/12cb9e46-edb3-46de-9f5e-cf0d90e3ebdb_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/1/12/12cb9e46-edb3-46de-9f5e-cf0d90e3ebdb_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/1/12/12cb9e46-edb3-46de-9f5e-cf0d90e3ebdb_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/1/12/12cb9e46-edb3-46de-9f5e-cf0d90e3ebdb_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/1/12/12cb9e46-edb3-46de-9f5e-cf0d90e3ebdb.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/1/12/12cb9e46-edb3-46de-9f5e-cf0d90e3ebdb.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/1/12/12cb9e46-edb3-46de-9f5e-cf0d90e3ebdb_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/1/12/12cb9e46-edb3-46de-9f5e-cf0d90e3ebdb_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«720p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/1/12/12cb9e46-edb3-46de-9f5e-cf0d90e3ebdb_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/1/12/12cb9e46-edb3-46de-9f5e-cf0d90e3ebdb_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30131552&SiteId=5&r=1807728673&it=0&pd=20190827121700» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=«Белсенді Арзамасоваға әкімдік алдында оқ атты»> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Белсенді Арзамасоваға әкімдік алдында оқ атты
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30131552.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:52 0:00 Жүктеп алу
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58