Белсенділер "Азаматтық бастамалар коалициясына" бірікті

28.08.2019, 19:00

10

28 тамызда Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген бір топ белсенді "Қазақстанның азаматтық бастамалар коалициясын" құратындарын жариялады. Оның құрамына оннан аса үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен азаматтық белсенділер еніп отыр.

Белсенділер қазіргі кезде маңызды деп санайтын бірнеше бағыт бойынша жұмыс істемек.

«Олар – ұлттық, зорлық-зомбылық, қоғамды демократияландыруға бағытталған заң жобаларын әзірлеу, белсенділердің құқығын қорғау мәселелері. Қазіргі уақытта тәуелсіз пікірталас алаңын құру қажет. Қазір диалог орнату маңызды болғандықтан, біз тіпті мемлекеттік алаңдармен де әріптестік орнатуға дайынбыз» деді «HAQ» азаматтық қоғалысының өкілі Тоғжан Қожалиева.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия жетекшісі Ермұрат Бәпи өзі басқаратын ұйым коалиция мүшелерімен бірігіп жұмыс істеуге әзір екенін айтты.

Жаңа коалицияға біріккен белсенділер реформалар жобасын дайындап, мемлекеттен оның орындалуын талап етпек. Бұға қоса олар рұқсат етілген шерулер, қоғам үшін көкейкесті мәселелер бойынша референдум өткізу туралы бастама көтеріп, соттарға талап арыздар тапсыруды жоспарлап отырғандарын айтады. Сонымен бірге коалиция мүшелері келесі парламент сайлауына бақылаушылар дайындаумен айналыспақшы.

"Қазір біз сайлау заңына, конституцияға өзгертулер енгізу, қоршаған ортаны қорғау саласын және ішкі істер министрлігін реформалау туралы ұсыныстар әзірлеп жатырмыз. Сонымен бірге парламент сайлауына бақылаушылар жинап, дайындықтан өткізіп, оларға арналған арнайы қосымша шығарамыз. Аймақтарда мәслихат депутаттығына үміткерлерді таңдамақпыз" деді ішкі істер министрлігін реформалауды көздейтін азаматтық қозғалыстың өкілі Гүлшат Нұрпейісова.

Белсенділер "Қазақстанның азаматтық бастамалар коалициясы" қатарына кез келген азаматтық белсенді, қозғалыс я ұйым кіре алатынын айтты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39