Белсенділер полиция реформасын жеделдетуді талап етпек

20.07.2019, 09:00

2

Бүгін, 19 шілдеде Алматыда «ҚР ІІМ-ді реформалауды талап етеміз» («Требуем реформу МВД РК») қауымдастығына мүше азаматтар реформаны жеделдетуді талап етіп, митинг өткізетіндерін мәлімдеді. Олар жергілікті билікке митинг өткізетіні жайлы ескерту де жасап қойған. Конституцияға сүйенген белсенділер шеру өткізу үшін билікке ескерту жасау жеткілікті деп есептейді.

Жиында соңғы бір жылда болған өзгерістерді атап өткен топ мүшелері «полицияны реформалау ісінің» өте баяу жүріп жатқанын айтып, полиция жұмысын сынады. Полиция халықпен ашық жұмыс істеуге күш салуы тиіс деді олар. Жиын барысында олардың айлығының көбейгені құптарлық жайт екенін де айтты.

«ҚР ІІМ-ді реформалауды талап етеміз» тобы былтыр спортшы Денис Теннің өлімінен кейін құрылған. Аз уақыт ішінде топқа 15 мың мүше тіркелді. Топтың алғашқы талаптарының бірі сол кездегі ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты және Алматы қалалық полиция департаментінің директоры Серік Күдебаевты отставкаға жіберу еді.

Оқи отырыңыз: Денис Тен қайтқалы жыл өтсе де полиция «реформаланып» бітпеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен былтыр 19 шілдеде Алматыда ауруханада қайтыс болған. Көшеде тұрған автокөлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны екі адам пышақтап кеткен. Кейін бұл оқиға бойынша Құдайбергенов, Қиясов және Толыбаева ұсталған.

17 қаңтарда Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты спортшы Денис Теннің өліміне байланысты айыпталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты — 18 жылға, Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04