Белсенділер Қайырлы Омар ісінің саяси астары бар деп санайды

20.08.2019, 02:00

4

Бүгін, 19 тамызда Нұр-Сұлтанда бір топ белсенді «Атажұрт еріктілері» тіркелмеген ұйымының кеңсесінде жиын өткізіп, қамауда отырған «Жер тағдыры» қоғамдық бірестігінің лидері Қайырлы Омарға қатысты істің саяси астары бар деп мәлімдеді.

Жиынға келген «Парламентаризмді дамыту қорының» жетекшісі Зәуреш Батталова «Қайырлы Омар жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсы шыққаны үшін қудаланып отыр» деп санайды.

— Қайырлы Омар жер қатынастары мен жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсылық білдіргені үшін, заңсыз жерлерді бөлген биліктің жемқорлық әрекетін әшкерелеуге тырысқаны үшін қудаланып отыр. Әйтпесе не үшін оған қатысты істі полиция департаментінің экстремизммен күрес бөлімі қозғайды? Оның жеке пәтер иелері кооперативіндегі қызметінің экстремизмге қатысы қанша? -деді Зәуреш Батталова.

Адвокат Василий Садықов Қайырлы Омарға қатысты қылмыстық іс айыптау бағытында жүріп жатқанын айтады.

— Сотқа құқық қорғау органы қызметкерлері қарапайым киіммен тұрақты қатысып келеді. Арасында әкімдік қызметкерлері келіп отырады. Олар сотқа қысым көрсету үшін қатысады. Сол себепті бірде-бір келтірген дәлеліміз ескерілмейді, өтінішіміз қаралмайды. Сот тек айыптау бағытында жүріп жатыр,- деді Омардың адвокаты Садықов.

«Жер тағдыры» қоғамдық бірестігінің лидері Қайырлы Омар 2018 жылдың 5 шілдесінде қамалған. Екі аптадан соң үйқамаққа алынып, кейін құқық қорғау органдары оны «үйқамақ тәртібін бұзды» деп айыптаған. 16 қазанда ол сот шешімімен екі айға тұтқындалған. Белсендінің қамаудағы мерзімі бірнеше мәрте ұзартылған.

59 жастағы белсенді Қайырлы Омар қамауға алынғанға дейін «Азат шаңырағы» жеке пәтер иелері кооперативінің төрағасы қызметін атқарған. Омарға қатысты қылмыстық іс ол басқарған кооператив үйлеріндегі пәтерлердің бірін жалдап тұрған Жанар Қозыбақованың полицияға «мен жөндеу жұмысы үшін төлеген 4000 теңгемнің қалай жұмсалғанын білгім келеді» деген арызынан соң қозғалған. Негізгі сот талдауы 26 наурызда басталған. Омар «сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражыға салды» деген күдікке ілінген.

Қайырлы Омар өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Ол да бұл айыптың саяси астары бар деп санайды. Белсенді бірнеше жылдан бері Қазақстандағы түрлі наразылық шараларына қатысып жүрген. 2016-2017 жылдары Қазақстандағы жерді шетелдіктерге беру мәселесіне араласып, көзге түскен.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13