Белсенділер шақырған "Оккупай Нұр Отан" акциясы шуға ұласты

05.03.2020, 17:07

5

5 наурызда алматылық белсенділер Әлнұр Ильяшев, Даная Қалиева, Дәулет Әбілқасымов бастаған бірнеше адам «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы бөлімшесіне барып, азаматтарды қабылдау күні партия жетекшілерімен кездесіп, өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға тырысты. Бір күн бұрын Әлнұр Ильяшев Нұр-Сұлтанда партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтетін күні «Оккупай Нұр Отан» атты акция өткізетінін әлеуметтік желіде хабарлаған еді.

Бейсенбі күні белсенділер мен партия өкілдері бір үстелде кездеспес бұрын партия бөлімшесінің ғимараты ішінде айғай-шу болып, екі жақ сөзге келіп қалды. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров және оның жанындағы партия өкілдері белсенділерді "ғимарат ішінде акция өткізбек болды", "қоғамдық тәртіпті бұзды" деп айыптады. Ал белсенділер қабылдау күні партия өкілдеріне сұрақ қоюға құқықтары бар екенін айтты.

Партия өкілдерінің жанында партияны белсене түрде қорғап, жақтаған адамдар да жүрді. Олар қабылдауға келгенін айтқанмен белсенділердің жанынан кетпей, партия мүшелерімен кездесуі кезінде "қабылдауға басқа да адамдар келгенін айтып" асықтыруға тырысты.

Кездесу кезінде Әлнұр Ильяшев бастаған топ елдегі жемқорлық мәселесін қозғады. Ильяшев «Нұр Отан» партиясы өзін жемқорлықпен күресіп жатқан партия ретінде көрсетуге тырысады, бірақ партия мүшелерінің өздері жемқорлық істеріне жиі ілінеді, бұл қалай?" деп сұрады. Алматыда Алатау ауданының бұрынғы әкімі мен Нұр-Сұлтандағы Байқоңыр ауданының бұрынғы әкімінің қамалғаны туралы ақпаратты мысал ретінде келтірді. Ал Станислав Канкуров былтыр елде мыңнан астам жемқорлық қылмысы тіркелгенін, оның он пайызына жуығы ғана «Нұр Отан» мүшелері екенін айтып, партияның өз ішінде жемқорлыққа ілінген адамдарды мүшеліктен шығару жұмыстары жүретінін айтты.

Кездесу кезінде белсенділер партия құру туралы бастамаларға (Санавар Закирова, Жанболат Мамай т.б белсенділердің партия құру туралы бастамасын жүзеге асыра алмауы) биліктің кедергі келтіретінін айтты. Ал партия өкілдері бұған өздерінің еш қатысы жоғын жеткізді. Кездесуде Әлнұр Ильяшев «Stop Nazarbayev system» деген жазуы бар плакатты жайып еді, партия мүшелері қарсы болды.

Шамамен жарты сағатқа созылған жиында тараптар ешқандай қорытындыға келе алмады.

Бұған дейін бұрынғы президент, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесі бюросының отырысын 5 наурызға белгілеген еді. Бұл отырысқа ақпарат құралдары шақырылмаған. Әзірге бұл жиынның өткені-өтпегені белгісіз. 18 наурызда партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді деп айтылады.

Қазақстанды соңғы отыз жылға жуық үздіксіз басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурыз айында президенттіктен кеткен, бірақ ол биліктегі «Нұр Отан» партиясының лидері әрі Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде билікте қалған. «Нұр Отан» партиясы мәжілістегі басым орынға ие. Үкімет мүшелері, әр аймақтың әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер Назарбаев басқаратын партияның мүшесі. Сарапшылар «Нұр Отанды» Қазақстанның саяси өміріне монополия орнатқан билік партиясы" деп сынайды.

Оқи отырыңыз: «Нұр Отан» партиясының 20 жылдағы эволюциясы

Назарбаевтың орнына былтыр президент болып, «Нұр Отанның» мүшесі Қасым-Жомарт Тоқаев келген. 9 маусымдағы сайлауда ол 70 пайыздан астам дауыспен жеңіске жеткен. Сайлау өткен күні елде билікке қарсы жаппай наразылық шарасы өтіп, полиция мыңдаған адамды күштеп ұстаған. Халықаралық ұйымдар мен тәуелсіз бақылаушылар сайлау күні полицейлердің халықты жаппай ұстауын сынаған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16