Белсенділер үндеуіне қарамастан Вена Душанбеге саяси баспана сұраған тәжік азаматын тапсырды

08.03.2020, 02:59

3

Австрия билігі саяси баспана сұраған тәжік азаматын Душанбе өтінішімен Тәжікстанға тапсырды. Бұған дейін белсенділер Тәжікстанда оны азаптап, әділетсіз сотқа тартуы мүмкін екенін айтып, Венаны оны экстрадицияламауға шақырған еді.

Тәжікстан бас прокуратурасының хабарлауынша, Хизбулло Шовализода Венадан экстрадицияланғаннан кейін Душанбе әуежайында бірден қамауға алынған. Бас прокуратураның айтуынша, ол елде тыйым салынған «Тәжікстанның ислам жаңғыру партиясына» қатысы бар деп айыпталған және «билікті құлатпақ болғандарға да қатысы болуы» мүмкін.

Бұрын ықпалды партиялардың бірі саналып, Тәжікстан үкіметі мен парламентінде мүшелері болған «Тәжікстанның ислам жаңғыру партиясын» сот 2015 жылы «террористік ұйым» деп танып, қызметіне тыйым салған. Содан бері оның ондаған жетекшісі мен жақтасы жауапкершілікке тартылды, көбі түрмеге қамалды. Құқық қорғаушылар биліктің бұл әрекетін сынады.

Шетелде тұратын «Тәжікстанның ислам жаңғыру партиясы» белсенділерінің айтуынша, Шовализода ешқашан партия мүшесі болмаған.

«Шовализоданы азаптап, әділетсіз сотқа таруы мүмкін. Бұрын дәл осындай жағдайға тап болған өзге адамдар сияқты оны да өзгелерге қарсы куәлік беру үшін күштеп мойындатқызуы мүмкін» делінген партия мәлімдемесінде.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34