Белсендінің "көлігіне иттің басын тастап кеткендерді" табуды талап етті

05.12.2019, 22:00

7

5 желтоқсанда түстен кейін жиырма шақты белсенді Шымкент қалалық полиция департаментінің алдына жиналып, белсенді Нұржан Мұхаммедовтің көлігінің терезесін шағып, дөңгелегін жарып, иттің басын тастап кеткендерді табуды талап етті. Бұл ақпаратты оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.

19 қарашада жергілікті белсенді Нұржан Мұхаммедов белгісіз біреулердің көлігінің терезесін шағып, иттің басын тастап кеткенін айтып, мұны «азаматтық белсенділігімен» байланыстырған еді. Нұржан Мұхаммедовтің Азаттыққа айтуынша, осыған дейін дүкені тоналып, жеке көлігінен телефоны да ұрланған.

Жиналғандар әуелі департамент алдында өз талаптарын оқыды. Белсенділердің өтінішін оқыған Данияр Байтілеу департамент басшысы Ералы Жұмаханбетовтен Мұхаммедовке "қоқан-лоқыны" кім жасағанын анықтап, белсенділерді қудаламауды, үйлерін аңдуды тоқтатуды талап етті. Белсенділер департамент басшысы «Ералы Жұмаханбетов халықтың алдына шықсын!» деп айқайлады.

Департамент өкілі белсенділерді ішке телефонсыз кіруге шақырды. Азаттық тілшісіне белсенділер мен департамент басшысының кездесуіне кіруі үшін алдын ала арнайы хат тастау керектігін ескертті.

19 қарашада Нұржан Мұхаммедов «иттің басын тастаған» белгісіз біреулердің көлік есігінің сыртына балағат сөздер жазып кеткенін де айтқан. Полиция қараша айының соңында белсендінің шағымы негізінде «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

20 қараша күні ондаған белсенді қалалық полицияға келіп, Нұржан Мұхаммедов пен оның отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен. Олар полицияға 1 желтоқсанға дейін кінәлілерді тауып, табылмаған жағдайда полиция басшыларының отставкасын талап ететіндіктерін айтқан. Ал департамент басшысы белсенділерді қабылдап, істі бақылауға алатынын мәлімдеген.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Белсенді көлігінен иттің басын тауып алғанын айтады» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Белсенді көлігінен иттің басын тауып алғанын айтады please wait <video poster=«gdb.rferl.org/660a299f-5aa0-4fd8-a552-9d6bc28a71f5_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2019/11/6/66/660a299f-5aa0-4fd8-a552-9d6bc28a71f5,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/11/6/66/660a299f-5aa0-4fd8-a552-9d6bc28a71f5.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/11/6/66/660a299f-5aa0-4fd8-a552-9d6bc28a71f5_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/11/6/66/660a299f-5aa0-4fd8-a552-9d6bc28a71f5_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/11/6/66/660a299f-5aa0-4fd8-a552-9d6bc28a71f5_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/11/6/66/660a299f-5aa0-4fd8-a552-9d6bc28a71f5_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/11/6/66/660a299f-5aa0-4fd8-a552-9d6bc28a71f5.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/11/6/66/660a299f-5aa0-4fd8-a552-9d6bc28a71f5.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/11/6/66/660a299f-5aa0-4fd8-a552-9d6bc28a71f5_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/11/6/66/660a299f-5aa0-4fd8-a552-9d6bc28a71f5_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«404p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/11/6/66/660a299f-5aa0-4fd8-a552-9d6bc28a71f5_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/11/6/66/660a299f-5aa0-4fd8-a552-9d6bc28a71f5_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30280912&SiteId=5&r=1724584569&it=0&pd=20191119164200» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=«Белсенді көлігінен иттің басын тауып алғанын айтады»> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Белсенді көлігінен иттің басын тауып алғанын айтады
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30280912.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00 Жүктеп алу

Нұржан Мұхаммедов бұған дейін Шымкентте билікке қарсы және "Қытайдың Қазақстандағы зауыттарына қарсы" бірнеше рет наразылыққа шыққан (Қыркүйектің басында бірнеше қалада Қытайдың Қазақстандағы 55 жобасына қарсы наразылық шаралары өткен. Кейін билік осы шараға қатысқан ондаған белсендіні әкімшілік жауапқа тартып, бірнеше күнге қамаған). Сот Мұхаммедовті «бейбіт митинг өткізу ережесін бұзды» деп 10 және 5 тәулікке қамаған. Шымкент тұрғыны 2018 жылы шілде айында отбасымен бірге қала әкімдігіне барып, «полицияның қудалауынан шаршағанын» айтып, өзін-өзі өртемек болған. Оны әкімдік қызметкерлері құтқарып қалған еді.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39