Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:27, 14 Ақпан 2024

Берденов әкімдерді бөлшек салық мөлшерлемесін төмендетуге шақырды

бөлшек салық мөлшерлемесін
Фото: из открытых источников

Respublica партиясы Фракциясының мүшесі Руслан Берденовтің Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдеріне бөлшек салықты төмендету бойынша депутаттық сауал жолдады. 

"Мемлекет басшысының жолдауында бөлшек салығы режимінің енгізілуі туралы бастамасы кәсіпкерлер арасында жоғары сұранысты көрсетіп, оны қамту аясын кеңейту қажеттігі атап өтілген болатын. Кәсіпкерлерді қолдау бағытында болып жатқан жаңалықтардың бірі салық кодексіндегі бөлшек салық мөлшерін 4 пайыздан екі пайызға дейін төмендету мүмкіндігі 2024 жылдың наурыз айына дейін берілген.

Елімізде бөлшек салығын қолдану рұқсат етілген қызмет түрлері 190-нан 364-ке дейін кеңейтілген. Депутат егер мөлшер төмендетілсе, қолайлы салық ортасының қалыптасатынын айтты. 

"Сондықтан жергілікті мемлекеттік органдарға бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету шешімін наурыз айының соңына дейін қабылдап үлгеруге шақырамыз. Осы шешім еліміздің барлық өңірлерінде қабылданса, еліміздегі 1 млн 700 мыңнан астам жеке кәсіпкерге, 440 мың шағын бизнес өкілдеріне 2800 орта бизнес өкілдеріне және 50 мыңнан астам дүкендерге қолайлы салық ортасы қалыптасады."- деді ол. 

Бүгінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы шешімді қабылдаған Астана қаласы, Қарағанды және Қызылорда қалаларында шағын және орта кәсіппен айналысатындар саны 2024 жылдың басында 3 есе өскен. Осылайша депутат, әкімдерге үндеу жолдады. 

"Барлық өңірлерде 31 наурыз айына дейін бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету бойынша шешім қабылдауға шақырамын",- деді ол.