Бүгін, 20:56
Берденовтің қызметінен кеткені жайлы ақпаратты Шымкент әкімдігі жоққа шығарды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов қызметінен кеткені жайлы ақпаратты бірнеше БАҚ жазды.
Алайда әкімдіктің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, Берденов ресми түрде өз лауазымын атқарып отырғанын және қазір ем қабылдап, ауруханада жатқанын хабарлады.
Берденов бұл қызметке 2025 жылдың 24 ақпанында тағайындалған болатын. Алайда 21 сәуірде әкімдік ғимараты маңында Берденовке оқ атылып, ол ауыр жарақат алған еді. Шенеунікке шұғыл ота жасалып, ұзақ уақыт ем қабылдады. Қастандық жасаған Ернар Жиенбай сот үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Кейінгі кезде Берденовтың қызметінен кететіні жайлы ақпарат тарап жатыр.