Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:57, 09 Сәуір 2020

Бердібек БИЯРОВ: Әр атауға тарихи мұра ретінде қарауымыз керек

 Соңғы жылдары еліміздегі тарихи орындар менелді мекендер атауының шығу тегін зерттеп, қайта жаңғырту мақсатында елімізбойынша бірқатар жұмыстар жүзеге асырыла бастады.

Әлбетте, ондай іске мұрындықболып жүргендер ең алдымен жер-жердегі ономастикалық комитет қызметкерлері болса,оларға ғылыми негізде бағыт-бағдар берушілер жергілікті жердегі ғалымдар.

   Бүгінгі таңда шығыс өңірінде деосындай жер-су атауларына қатысты зерттеулер жүргізіліп, бірқатар тың деректержарияланды. Бұл істің басы-қасында жүрген С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дыңоқытушысы, филология ғылымының кандидаты, облыстық ономастикалық комиссияныңғылыми сарапшысы Бердібек Бияров«ӨрАлтайдың жер-су аттары», «Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері» монографиялықеңбектері мен «Алтай – Алтын бесік» ғылыми жинақтарының авторы.

    Зерттеуші-ғалыммен арадағысұхбатымыз өлкенің ономастикасы мен топонимикасына қатысты өрбіді.

Бердібек Нұралдаұлы, әңгіменіңәлқиссасын негізгі сауалдан бастасақ. Жер-су атауларын зерттеу көбінесетарихшылар мен географ-топографтардың үлесіне тиесілі екені белгілі. Ал сіздіңбұл салаға бет бұруыңызға не себеп болды?

– Бір нәрсеге бір нәрсенің себеп болатыны рас па деймін. Бәрі КазГУ-ді бітіреркездегі ұстазым Алтай Аманжолов ұсынған «Катонқарағай ауданының жер-су аттары»деген диплом тақырыбынан басталды. Алтай Сәрсенұлы өзі түркітанушы болса да,сол кездері топонимикамен айналысып жүрген болатын. Бәлкім, осы да себеп болғаншығар. Бұның мені қызықтырғаны сондай – арада жылдар өте келе, «Өр Алтайдың оронимдері»тақырыбында кандидаттықдиссертациямды қорғадым. Өкінішке қарай, одан кейін бүкіл қазақ топожүйесініңтопонимжасамдық үлгілерін жасаған докторлық еңбегім еліміздегі диссертациялықкеңестердің жабылуына орай, қорғалмай қалды.

– Ізденуші ғалымның бастымұраты бұрын-соңды танылмаған соны деректерге қол жеткізу екеніне келісетіншығарсыз?! Бұл орайда, өз басыңыз зерттеу барысында  қандай тың мәліметтерге тап болдыңыз?

– Зерттеу барысында байқағаным, көшпелі халықтар жер-су аттарына ерекше мәнберіп, тілді сарқа пайдаланған. Жер бедері мен оның ерекше бір белгісін байқапбарып, оған фотографиялық дәлдікпен атау беріп отырған. Мәселен, Мұзтау десе –ол мұздақтан тұратын тау, Қаратау десе – қара тастан тұратын тау деген секілді.Және де ондай атаулар көшпелі халыққа дұрыс бағыт-бағдар беріп қана қоймай, солжер туралы қосымша ақпарат та беріп отырады. Мысалы, Бөрілі десе – оныңсыртында «бұл жерде қасқыр көп, сақ болыңдар» деген ақпарат тұрса, Ошағандыдесе – оның астарында «бұл жерде ошаған көп өседі, қой малына жайсыз» дегенқосымша ұғым тұрады. Сондықтан әр атауға тарихи мұра ретінде қарап, сақтайбілуіміз керек.

Кенді Алтай аймағындағы атаулардыңөңір тұрғындары үшін тарихи маңыздылығы неде?

– Алтай тауын ежелден түркі тайпалары мекендегеніне жер-су аттары дәлел. Алтынйыш-Алтынтағ-Алтынды-Алтай, Мұзтау, Қатын суы, Ертіс, Бұқтырма, Қоңыржон,Аршаты сияқты макротопонимдер өзінің көнелігімен ерекшеленеді. Қазіргі кездеАлтайдың үштен бірі ғана Қазақстан аумағына тиесілі, қалғаны Орыс Алтайы, МоңғолАлтайы деп бөлінеді. Қазақ Алтайын құрайтын Өр Алтай (Оңтүстік Алтай) жәнеКенді Алтай (Батыс Алтай) ғана. Бұл өңірде түркітілді атаулардан басқа, кейінқосылған моңғол қабаты, орыс қабаты бар, ал араб-парсы және қытай тілінен енгентопонимдер мүлде жоқ десе де болады. Яғни ол халықтар бұл өлкеге ешқашанкелмеген деген сөз. Қазіргі кезде моңғолтілді атаулар тілімізге сіңіп кеткенісондай – оларды көпшілік аңғара бермейді. Мысалы: Тарбағатай, Зайсан, Тұрғысын,Қалжыр т.б. Ал орыстілді атаулар ауыстырылып жатқандықтан, келешекте жеке қабатқұрай алмауы мүмкін.

– Бастапқы атауы әлі күнгедейін ғалымдар арасында талас тудырып келе жатқан Шығыс Қазақстандағы жер-суатауларының этимологиясына қатысты қандай ерекшеліктерді атар едіңіз?

– Негізі, ірі өзен-су атаулары көп өзгермейді әрі көне нұсқасын сақтапқалады. Ертіс гидронимі әлі күнге дейін этимологиясын ашпай келеді, сондықтанкөптеген болжамдар айтылады. Алтай оронимі моңғол шапқыншылығына дейінгі жазбаескерткіштерде Алтын йыш, Алтынтағ, Алтынды болып кездеседі. Осы Алтындынымоңғолдар калька бойынша аударып қолданған: Алт+тай – «алтынды». Бұқтырмагидронимінің бүктірме «мал терісінің ішкі, бүктейтін жағы» деген сөзденшығатынын Дальдің түсіндірме сөздігінен таптық. Онда орыс тіліне енген түркизмтүрінде сақталған (Бухтарма/Бахтарма). Жаңа сойылған мал терісінің ішкіжағындағы қан тамырлары айқын көрініп тұрады ғой. Осы Бұқтырма өзенін биіктенқарасаңыз, үнемі бір арнамен емес, тура қан тамырлары сияқты сала-сала болыпағатынын байқайсыз. Қолданыс барысында Бүктірме/Бұқтырма жуан нұсқасынаауысқан. Көпшілік көне не кірме атауды түсінбегендіктен, қиялдап халықтықэтимология туғызады. Мәселен, Марқакөл туралы бірнеше аңыз бар. Соның бірінде«бұлақ көзіне түсіп кеткен марқа қозыны көтеріп алғанда су атқылап, көл пайдаболған-мыс» дейді. Екіншісінде Марқа қыздың аты болып жүреді және кейбірғалымдар марқа – этноним (ру аты) дейді. Ғылыми этимология бойынша Алтайтауында қар суынан пайда болатын көптеген ұсақ көлдердің ішіндегі марқасы«үлкені» деген мағынада тұрғаны айдан анық.

    Аңыз, әпсана топонимнің мәнінұқпаған кезде пайда болады. Мәселен, Күршім гидронимі туралы бір аңыздаҚабанбай батыр қалмақтың батырын жекпе-жекте өлтіргенде осы өзенге құлап баражатқан қалмақ батырының басы күрсініпті, содан Күрсін/Күршім аталыпты-мысделінеді. Ал Күршім гидронимінің түбірінде көне түркі тіліндегі кү «дыбыс,дауыс» сөзі жатқаны шындық. Одан күр/гүр еліктеуіш сөзі туады. Оған көнешым/шім жұрнағы жалғанып, «күрілдек, күрілдеп ағатын өзен» мағынасы жасалған.Өзеннің бастапқы жағы таулы жермен ағатындықтан, гүрілдеп ағатыны да рас. Олтауды алғашқы карта жасаушы орыс саяхатшылары «Күршім тау жотасы» деп белгілепжібергені болмаса, ол тауды қазақ Сарытау деп атайды. Жалпы, қазақша картажасау жұмысы әлі күнге дейін жолға қойылған жоқ. Оның себебі картаны географтаржасайды, ал тілші, топонимист ғалымдар қатыстырылмайды. Соңғы бір қазақшажасалған картада Шанағаты – Шанақатты, Үржар – Ұрыжар нұсқаларында қатежазылған. Шын мәнінде Шанағаты моңғолдың чандага «ақ қоян» сөзінен жасалып тұрда, Үржар көне түркі тіліндегі үр/үрің «ақ» сын есімінен жасалып тұр, яғниҮржар/Ақжар деген атау.

   Біздің аймақтағы топонимдердің 7-8пайызы моңғолтілді атаулардан тұрады. Оның себебі Шығыс Қазақстан – бір кездеріастанасы Зайсан  көлі маңында болғанЖоңғарияның қол астында ең ұзақ болған аймақтың бірі болып табылады. Орыселшісі Ф.Бобков келгенде қонтайшының ставкасы Зайсан көліне жақын Шульдеттау деген жерде отырғанын жазады. ОсыШульдеттауды көп іздедім, сөйтсем, ол тау шекараның ар жағында тұрған Шүлентауекен. Жалпы, моңғолтілді атаулар тілімізге бейімделіп кетті және олар дакөшпелі ел болғандықтан, жер-су аттарын дәл белгілеп қойып отырған. Оның үстінеалтай тілдер семьясына енетін туыстас тілден жасалғандықтан, оларды шеттетудіңқажеті жоқ.

– Зырян, Шемонайха, Глубокоеаудандарында әлі күнге дейін елді мекен атауларының басым бөлігі орыс тілінде.Оларды қазақыландыру ісі не себепті шешімін таппай отыр?    

– Шығыстың геосаяси жағдайына орай, жер-су аттарын мемлекеттік тілге көшіружұмысы қиын болса да жүріп жатыр. Алдымен облыстың оңтүстік аудандарындағыкірме, саясаттанған атаулар ауыстырылды. Бұл орайда, облыс әкімі Д.Ахметов пеноның бұрынғы орынбасары Ә.Нүсіпованың, облыстық тілдерді дамыту басқармасыныңбасшылары А.Шаймарданов пен Р.Төлемісованың, университеттегі әріптесімА.Әлімханның еңбектерін атап өткім келеді. Олардың күш салуымен Зыряновск Алтайқаласы болып өзгерді. Солтүстік аудандардағы кірме атауларды ауыстыру да біртіндепіске асатын шаруа. Мұндағы басты себеп тәуелсіздік алған әр ел өз рәміздерін,шекарасын, ономастикалық кеңістігін реттеп алу керегін түсінбейтін адамдардажатыр. Географиялық, саяси карталарымыздағы жер-су аттары мемлекеттік тілдеболуы халықаралық талапқа жататындығын мойындағылары келмейді. Бұл жағынанкелгенде жергілікті тұрғындардың пікірін жинамай-ақ, әкімшілік тарапынан батылкірісу керек сияқты, өйткені бұл республиканың ішкі мәселесіне, мемлекеттіксәйкестендіру мәселесіне жатады.

   Екінші себеп славянтілді атауларене бастағанына 300 жыл өткендіктен, бұрынғы түркілік нұсқалары ұмытылған,ешқайда сақталмаған. Тарихи аты сақталса, ауыстыра қоюға даяр тұрады ғой.Мысалы, Глубокое кентінің Ақтас деген ежелгі аты ел есінде сақталыпқалғандықтан, қолайлы жағдай туғанда ауыстыра салуға болады. Топонимдердіжаулап алған ел немесе отарлап алған ел саясатпен ауыстырып отырғанда кейдекалька арқылы аударып алатын болған. Мәселен, Ақсу өзенін Белое деп калькалады.Ендігі кезекте ол атауды қазақшаға аударсақ бұрынғы аты шығады: Ақсу – Белое –Ақсу. Бұл да тиімді жол.

     Қазіргі кезде ғылыми негізделгенбір тың әдіс қолданып жүрміз. Ол үшін географиялық нысанды көзбен көріп, ерекшебір белгісін анықтап, соған орай жаңадан ат қою керек. Глубокое ауданына барып,осы әдіспен көптеген елді мекен аттарына қазақша ат тауып бердік. Мәселен,Березовка ауылы мен ауылдық округін Кеңсай деп атадық, себебі елді мекен ұзыншакелген кең сайда орналасқан. Біз осылайша қазақы аттар тауып береміз, ал оныауыстыру уақыт еншісінде. Жер-су аттары осылайша уәжделіп, ерекше белгісінеқарай қойылады, ал адам есімдерінде мұндай уәжделу бола бермейді. Олардатаңбалық сипат басым болады. Бейбарыс деп есім берген балада Бейбарыс сұлтанныңқасиеттері болмауы да мүмкін. Кірме атауларды ауыстырып болған аудандарда мейліншесаясаттанған елді мекен аттарын ауыстыру қолға алынуда. Катонқарағайауданындағы Еңбек, Қызылжұлдыз, Жаңаүлгі деген кеңестік идеологияның әсеріненпайда болған ойконимдердің тарихи аттарын қайтару мәселесін көтердік. Олардыңбұрынғы аттары тиісінше Таңба, Қызылқайың, Қиынжыра болатын. Катонқарағайойконимінің өзі орысша бұрмаланған атауға жатады, дұрысы – Қотанқарағай,«топ-топ болып өскен қарағай» дегенді білдіреді.

Нумерология ғылымында адамныңесімі тағдырына әсер етеді деген түсінік бар. Егер осы қағиданы  жер-су, елді мекендер атауларына қарайойыстырсақ, олардың атауларының «жағымды» не «жағымсыз» райда қойылуының солжерге тигізетін қандай да бір ықпалы болуы мүмкін бе?  Қалай ойлайсыз?

– Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысып, үнемі көшіп-қонып жүргендіктен,қарыс қадам жер қалдырмай атау беріп отырған және тіл байлығын толығыменпайдаланған. Мәселен, Жалғызағаш, Жалғызқұм деп келеді де, сөз жетпей қалғандаЖаңғызтөбе, Жаңғызқұдық деп жалғастырып әкетеді. Қазақ жер-су аттарына жалпымағыналы, абстрактілі мәнді сөздерді, әсіреқызыл сөздерді көп қолданбаған.Кейбір жұрт көң, қыстауларға болмаса, макротопонимдерге кісі есімін дебермеген. Бұның бәрі жер бедерін дәл белгілеу, нақты сипаттау мақсатынан туған.Жер-суға әулие-әнбиелердің есімдерін, кісі есімін қою еуропалықтарға тәнқұбылыс. Алайда қасиетті жерлерді таңбалау аз да болса кездеседі. Әулиеата,Әулиебастау, Бабасай, Ұлытау, Сұлутал, Жаман Сарытау, Шайтанкөл т.б. Мұнда дакөбінесе жердің өзіндік ерекшелігі ескерілген. Мысалы, Ұлытау орониміабстрактілі мәнді ұлы сөзінен емес, көне түркідегі ұлы/ұлығ «үлкен» сөзіненжасалып тұр, «Үлкентау» мағынасында. «Жаман» сөзімен аталып келетін жердің оты,суы немесе ауа райы нашар болғандықтан солай атаған. Түркілер мұсылмандыққадейін жер-суға табынғанын да ескеру керек. Мәселен, Оба, Обалы деген атауларүнемі «мола» ұғымын бере бермейді, ата-бабамыз асудан асқанда, өткелден өткендеаман өткендері үшін бір-бір тастан тастап отырған. Ол тастар келе-келе обаболып үйілген. Осы орайда, Ақмола атауын мола сөзі үшін құрбандыққа шалуғаболмайды, өйткені жазық даладағы мола ерекше бір белгі, бағыттық нысан қызметінатқарған.

– Зерттеуші-ғалым ретінде өңіратаулары мен өзгертілген жер-су атауларына қатысты өзіндік жеке пікірлеріңізбен ұсыныстарыңыз бар ма? Болса қандай? 

– Ең алдымен Қазақстан Республикасындағы әр топоним мемлекеттік тілде тұрсадеген тілегім бар. Бұл тіпті біле білсек, БҰҰ-ның да талабына жатады. Тәуелсіздікалдың ба – өз туың, шекараң, мемлекеттік тілің болуы керек, қысқасы, ұлттықкелбетің болуы керек. Бұл – бір. Екіншіден, кірме атауларға қарап, кейінкөршілердің біреуі мына жер менікі деуі де мүмкін. Оны тарихтан көріп отырмыз.Үшіншіден, кейде елді мекендерге адам есімін қоятын болдық. Бұл жақсы үрдісемес. Бұдан әрі жеріміз өспейді, ал атақты адамдар өмірге келе береді. Егеролардың әрбірінің атын қоя берсек, көп ұзамай-ақ антропонимдер топонимдердітүгелдей ығыстырып шығады да, картамыз Қасым Қайсенов кенті, Айтбай ауылы, Мамайбатыр ауылы сияқты антропонимдерге толады. Осы үрдіс тоқтаса деймін.

–       Әңгімеңізгерақмет.

Сұхбаттасқан Арай САХАРИЕВА

                                                         

Тегтер: