Бердібек мырза, 6 миллиард қайда?

03.11.2019, 00:08

9

Бүгін Ақтөбегепремьер-министрдің орынбасары Бердібек САПАРБАЕВ, Білім және ғылым министріАсхат АЙМАҒАМБЕТОВ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі БіржанНҰРЫМБЕТОВ келді.

Бердібек МӘШБЕКҰЛЫНЫҢбүгінгі күнгі графикасы өте тығыз болды. Бес бірдей кездесу. Төрт жыл Ақтөбеоблысын басқарған шенеунік қоғам белсенділері, педгоктар, медицина саласыныңқызметкрелері, жастар және ірі кәсіпорын басшыларымен кездесті. Сегіз ай бұрынастанаға ауысқан Сапарбаев мырза өз атқарған шаруасын тексеруге келдіме дерсіз.

Оқи отырыңыздар: АқтөбедеСапарбаевтың соңынан аялдамалары да кетіп жатыр

ШығармашылықАкадемиясында өткен жиында ақтөбеліктер Бердібек Сапарбаевтан 8 өзеннің арнасынтазартуға бөлінген 6 миллиард 700 миллионақшаның қайда кеткенін сұрады.

Шенеуніктер 2017 жылғы сутасқынынан соң Ақтөбедегі сегіз өзеннің арнасын кеңейтіп, табанын қоқыстантазалауды қолға алған. Бердібек Сапарбаев бастаған, Ілияс ИСПАНОВ қостағанәкімдер төрт мердігер компанияға осы жұмысты тапсырған. Ол жұмыстарға «Жолкартасы» бойынша 6,7 миллиард теңге бөлінген еді.

Табиғат жанашырларымен еріктілер өзен арнасын тазартуға бақытталған жоба Ақтөбе экологиясына үлкензардап әкелді деп, талай қарсылық акциясын өткізді. Өйткені осы жұмыстарданкейін өзен арналары тартылып, жасыл желектер аяусыз оталды. Дәлірек айтқандақұны 6 миллион болатын ағаштар кесілді. Сонда, «6,7 млрд теңге сол үшін бөліндіме?» деген сұрақ та туындады.

Бүгін премьер-министрорынбасарының кездесуіне шақыртусыз келген Петр МУРАШКЕВИЧ экс-әкімнен қазірдауға айналған жобадағы кемшіліктер мен бөлінген ақшаның қайда кеткенін сұрады.

«Ақтөбедегі сегіз өзеннің арнасын тазарту жұмыстары2017 жылы болған су тасқынынан кейін басталғанын білемін. Алайда біздіңкөкейдегі сұрақ осы жобаның қаншалықты керегі болды? Жобада өзеннің түбітазартылсын деп көрсетілген. Ал Қазір судың түбі емес арнасы кеңейтіліп жатыр.Дәл қазір екі өзен Бұтақ пен Жіңішке өзендерінен басқасы тоқтатылып тұр. Қазірқайта жасалсын деген жобадан да осы уақытқа дейін жұмсалған ақшадан да хабаржоқ. Жауаптылардан сұрасақ ешкім ештеңе айтпайды. Бұған кім жауапты?», — деді «АқтөбеДыши» еріктілер тобының мүшесі Петр Мурашкевич.

Өзі бастап кеткенжобасын қашанда қолдайтын Бердібек Сапарбаев бұл жолы да өзендердің арнасынтазарту су тасқынын қайталамас үшін жасалған дүние деп ескі сөзін қайталауменболды.  

«Бұл министрліктен мақұлданған жоба. Екі этаптаконкурс өткізілді. Біріншісі сметалық жобасын дайындау. Екіншісі жұмыстыатқаратын мердігер компаниялар арасында жүргізілді. Білемін, жоба қазір тоқтаптұр. Еліміздің бас прокуратурасы тексеріп жатыр. Шешімі әлі шыққан жоқ. ЖауаптыАқтөбе қаласының әкімдігі», — деді Бердібек Сапарбаев.

Иә, жауапты Ақтөбеқаласы әкімдігі. Оның жаңа басшысы Оңдасын ОРАЗАЛИНДЕЙ елордадан келген жоқ.Қазіргі қала әкімі Мавр АБДУЛЛИН дәл Сапарбаев мырзаның бірінші орынбасарыболған-ды. Сондықтан да Мурашкевия сұрап отырған 6,7 млрд қаражаттың жайынАбдуллинде білуі тиіс.

Естеріңізде болсауақытша тоқтатылған алты миллиардтық жобаны Ақтөбенің прокурорлары тексеріп, сметалықжобасынан бастап бірнеше қылмыстың бетін ашқан еді. Өзен арналарын тазартуменайналысқан төрт мердігер компанияның үстінен де қылмыстық іс қозғалды.

Оқиотырыңыздар: МаврАбдуллинге ағаштарды санап шығу үшін 50 миллион керек

Айтпақшы, БердібекСапарбаевқа жергілікті экологтардың басқа да сұрақтары бар. Ақтөбенікөгалдандырамын деп 90 миллион теңгеге 1 миллион түп көшет отырғызған еді.Бірақ олар қурап қалды. Сол көшеттерге су құймаған кім екен...

Фото: ianews.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27