Бердібек Сапарбаев 72 мектепке директор таппай жүр

09.02.2019, 06:48

6

Ақтөбенің мектептеріне директорлар жетпей жатыр. Қатарынан екі оқу жылы өтті. Ал облыстағы 72 мектепте әлі күнге басшы жоқ. Бұл мәселе  аймақтың бүкіл ұстаздары бас қосқан жиында сөз болды. Онсыз да соңғы уақытта оқушылары  пышақтасып, бұзақылық жасап, тәртіпсіздіктен көз ашпаған ұстаздар облыстың әкімінен біраз сөз естіді. Жиынға қатысқан Бердібек САПАРБАЕВ 2,5 жыл бойы директорсыз отырған мектептердің барын айтып, ондай білім беру ошағында қандай сапа болады деп сынға алды.Бақсақ, бар гәп- директорларды қабылдаудағы ережеге енгізілген өзгерістерде екен. Оларға қойылатын талап күшейген. Жаңа ереже бойынша мектеп директорларының кәсіби деңгейін көтеру мақсатында тағайындауда өзгерістер бар.«Мектеп директорының менеджерлік қабілеті болуы керек. Оның біліктілігін арттыру қазіргі білім саласының трендіне айналды. Жаңа ереже бойынша, үміткерлер 4 кезеңдік конкурстан өтеді. Оның ішінде тестілеу, қоғамдық кеңестің алдында білім және ғылым саласындағы мақсатын, жоспарларын ұсынып, соны дәлелдеу, әңгімелесу секілді кезеңдер бар. 2018 жылдың қазан айында басталған тестілеуге  210 үміткер қатысты. Тек 43,3 пайызы ғана өздерінің білімін дәлелдей алды. Бұл, әрине, қынжылатын нәрсе» дейді облыстың бас педагогы Ләззат ОРАЗБАЕВА.Жалпы, қазір облыста 377 директор болса,  72 орта мектеп қазір басшысыз отыр. Оның дені-шалғай аудандардағы білім ошақтары. Мысалы, Әйтеке  бидің өзінде 10 директордың орны бос, Шалқар  ауданында- 6, Қобда  ауданында -8, Хромтау ауданында- 8, Ақтөбе  қаласында 10 мектеп директорының  орны бос екен. Облыстық білім басқармасындағылар аудандық білім бөлімдерінен сұраса, ол жақтағылар алыс ауылдарға  баратын адам жоқ дегенді алға тартатын көрінеді.Жиын соңында  қалалық және аудандық білім бөлімі басшыларына 15-наурызға  дейін уақыт берді. Осы уақытқа дейін 72 мектепке директор тағайындап үлгеруі тиіс. Тапсырма орындалмаған жағдайда оларға шара қолданылады.Фотоларды автор ұсынды.    
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39