Бердібек Сапарбаевты күткен ауыл

20.01.2019, 06:44

14

Ақтөбе халқы мұнай мен газдың үстінде отырса да, әлі күнге көгілдір отынға жарымай отырғандар бар. Облыс орталығынан таяқ тастам жерде қар суын ерітіп, тамды жылыту үшін көмір жағып отырған бір ауыл бар. Ол — «Строитель 2» бау-бақша ұжымы. Қаладан небәрі жеті-ақ шақырым жерде отырған алпыс отбасының үні іскер деп көп мақаталытын Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ құлағына жетер емес. Халық үш жылдан бері газ кере деп жергілікті билік өкілдеріне айтып келеді.   «Жарық беріп те жарытпады. Әйтеуір өз тірлігімізбен, ана қарсы беттегі жағажайдың қожайынымен келісіп, сол жақтан алып тұрмыз. Оны реттеген соң газдың шаруасына ауыстық. Былтырдан бері әне береміз, міне береміз деумен келеді. Бау-бақша ұжымы болғанымен, біздің осы жерге құрылыс салуға рұқсат беретін құжатымыз бар. Жер-жекенікі», — дейді Сергей ӘНАПИН.Шененеуніктерден күдер үзген тұрғындар орталарынан Құрманғазы БИСЕНАЛИНДІ төраға  етіп сайлапты.  Мәселені талқылаған соң,  «Строитель-2» халқы газ жүргізумен айналысып жүрген компанияны іздестіреді.«2017 жылы «Алма Нұр» деген компаниямен  келісім-шартқа отырдық. Сол құжат бойынша, әрі үй 250 мың теңге төлесе, газ кіргізетін болып келістік. Мына іргеміздегі «Бауырластар -4» деген жерде «врезка» тұр. Екі ауданның арасы  небары 1–ақ шақырым. Бірақ, бізге сол «врезкадан» емес, әрідегі 4 км жерден тартуға рұқсат беріпті. Ол бізге қымбатқа түседі. Ол кезде 250  мың емес, 500 мың теңге төлеуіміз тиіс! », — дейді «Строитель 2» бау-бақша ұжымының төрағасы, әрі тұрғын Құрманғазы Бисеналин.«Алма Нұр» ЖШС директоры Сәлімгерей НАУРЫЗБАЕВТЫҢ айтуынша, тұрғындар жергілікті әкімшілікпен келісе алмай отыр.«2017 жылдан бері «Строитель-2» ұжымымен  екіжақты келісім-шартымыз бар. 250 мыңға газды  көше бойымен, әр үйге дейін тартып беруге келістік.  Бізге рұқсатты төрт шақырым жердегі құбырдан газды тартуға беріп тұр. Алайда, ол халыққа да, бізге де қымбатқа шығады. Бір шақырым жерден газ тартатын болсақ, әр үйге 250 мың теңгеден болар еді. Қазір тиісті жұмыстардың жетпіс пайызын жасап қойдық, қондырғылар  да дайын. Тек техникалыққұжат керек", — дейді «Алма Нұр» ЖШС-нің директоры Сәлімгерей Наурызбаев.Көгілдір отынның қиындығын әр үй тартып отыр. Қыстан қалтырамай шығу үшін әр түтін кемі 8, ал қыс қатты болса 10 тонна  көмір алуға мәжбүр. Оның тоннасы-13 мың. Шығын мұнымен бітпейді.  Ауылдықтар тамызыққа ағаш алатындықарын айтты. Оның бір арбасы –18 мың тұрады. «2004 жылдан бері осында тұрамыз. Содан бері көрген күніміз –осы. Тек отынның өзіне 100 мың кетеді. Үш балам, үлкендеріміз бар үйде. Балалар сырқаттанып қалмасын деп қайта-қайта жылытып отырамыз, отын да шақ келмейді. Ол аздай, суды қаладан тасып ішіп отырмыз. Ал кір жууға, қалған шаруашылыққа қарды ерітеміз. Әйтпесе, қаладан сатып алып отырған ауыз су шақ келе ме? », — дейді Лидия ЖҰРЫНБАЕВА. Фотолар автордікі.     
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16