Бердімұхамедов ІІМ-ді он жыл басқарған Муликовті жұмыстан қуды

03.10.2019, 02:00

13

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов «қызметін асыра пайдаланды» деп басы дауға қалған елдің ішкі істер министрі Искендер Муликовті жұмыстан қуды. Бердімұхамедов министрдің қызметтен кеткенін 1 қазанда үкімет отырысында жариялады.

Бірер күн бұрын бас прокурор Батыр Атдаев есебін жариялап, Муликовтің «қызметін асыра пайдаланды» деген күдікке ілінгенін айтқан.

Кейін министрдің Ашғабаттағы мейрамханалары, кафелері мен дүкендері тәркіленіп, көлік жүргізушісі ұсталды.

Муликов Түркіменстан ішкі істер министрі болып 2009 жылы мамырда тағайындалған. Оның орнына осыған дейін министрлер кабинетін басқарған Мамметхан Чакыев келді.

Түркіменстанда министрлер мен сот органдарын жемқорлыққа айыптау өте сирек жағдай. Газ бен мұнай қорына бай Түркіменстан елін 2006 жылдан бері Гурбангулы Бердімұхамедов басқарып отыр. Ол 2017 жылы күштік құрылымдарды «тазартуға» тырысып, бас прокурорды жұмысынан алған. Сол кезде Бердімұхамедов Муликовке ресми түрде ескерту беріп, полициядағы жемқорлықты сынаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39