Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:22, 11 Тамыз 2020

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Павлодар облысында кәсіби спортклубтарының ойыншылары дүдәмал күй кешіп, командалардың тағдыры қыл үстіндетұр.

Бұған дейін еліміздің футболдан бес дүркін чемпионы «Ertis» клубы қаржылыққиындықтардың салдарынан ойыншыларды таратып, биылғы чемпионаттан шығып тынды.Енді волейбол мен баскетбол командаларына да тықыр таянған сияқты. Себебіолардың да берешекке белшесінен батқаны белгілі болды.

Елу бес жылдық тарихы бар еліміздің бес дүркін чемпионы«Ertis» футбол клубының биылғы тағдырын жылдар бойы жинақталған қарыз шешті.Осы жылдың сәуір айында жүргізілген аудиттік тексеріс нәтижесінде бірқатар былықтыңбеті ашылды. Атап айтқанда, клуб басшылығы салықты уақтылы төлемей, мемлекеткешамамен 1 млрд теңге қарыз боп қалған. Одан бөлек, жаттықтырушылар, футболшылармен әкімшілік бөлім қызметкерлері жалақы, сыйақыны артығымен алып келгеніанықталды. Тіпті клубта мүлде жұмыс істемеген жандарға 8 млн теңге айлықтөленіпті. Осындай қаржылық қитұрқылықтар мен миллиардтаған берешектің салдарынанжанкүйерлердің сүйікті командасына айналған «Ertis» биылғы чемпионаттан шығып,футболшылар жергілікті командалар – екінші лигада ойнайтын «Ақсу» мен біріншілигадағы «Екібастұзда» доп тебуді жалғастырды. Ал «Ertis»-тің келер жылы дажасыл алаңға оралуы екіталай. Павлодар облыстық туризм және спортты дамытужөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Есембаевтың айтуынша,осы уақытқа дейін клубтың қарызынан бір теңге де қайтарылған жоқ. Айта кетелік,әу баста павлодарлық футбол командасы биыл қарыздан құтылса, келесі жылы екіншілигада, онда үздіктер сапынан көрінсе бірінші лигада, онда да мықтылығынтанытса премьер-лигада ойын көрсетеді деп күтіліп еді. Алайда ендіжанкүйерлерге команданың премьер-лигаға оралуын кемінде үш-төрт жыл күту керексияқты.

–      «Ertis»ойыншыларының келесі жылы екінші лигада доп тебуі екіталай. Өйткені бірнеше жылбойы жинақталған қарыз сол қалпы қайтарылмай тұр. Берешекті жабуға көмектесетіндемеушілер де жоқ. Қазіргі таңда олардың, яғни демеушілердің қаржысының барлығыдерлік коронавирустық инфекциямен күреске жұмсалуда, – дейді Нұрлан Есембаев.

Былтырқола жүлдеге ие болған павлодарлық волейболшылардың жалақысын төлейтін дедемеушілер жоқ. Спортшы қыздардан құралған команда өткен жылдың қазан айынанбері тиісті еңбекақысы мен сыйақысын ала алмай жүр.

–      2019-20жылғы ойын маусымы есімізде қалары анық. Бірақ бұл ойыннан алған эмоцияларғаемес, күйзеліс пен жалақыны күтуге тікелей байланысты. Біз еңбекақыны соңғы ретқазан айында алдық. Одан бері клуб пен басқарма басшылығы күнде ертең деуменкеледі. Әбден шаршадық. Волейболды қаншалықты жақсы көрсек те, алаңға шығып,ойын ойнайтын халіміз қалмады, – дейді волейбол командасының ойыншысы КристинаКарапетян.

Белгілі болғандай, волейболшы қыздар қараша-желтоқсанайларының жалақысын, қола жүлде үшін берілетін сыйақыны және биылғы еңбекдемалысының ақысын алмапты. Бұл мәселе әлеуметтік желіде көтерілген соң,Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов ойыншылармен кездесіп,мәселені шешуге уәде берді. «Жинақталған қарыз шамамен 100 млн теңге. Соңғытөрт жыл ішінде жылдан-жылға көшіп, демеушілермен жасалған жаңа меморандумдаресебінен жабылып отырған. Биыл демеушілік қаражаттар басқа қажеттіліктерге,оның ішінде коронавируспен күрес шараларына бағытталып, клубта қаржылық қиындықтуындап отыр. Енді жаттықтырушылар мен ойыншылардың алдындағы берешекті өтеуүшін тағы да демеушілер іздейміз», – деген еді Сәкен Шаяхметов.

Араға бірнеше апта салып, қыздар волейбол командасыныңалдындағы қарыздың біраз бөлігі төленіпті. Енді сыйақы мен еңбек демалысыныңақысы – 19 млн теңге өтелуі тиіс. Ерлерден құралған волейбол командасыныңжағдайы да мәз емес. Клуб басшылығы ойыншыларға өткен жылы – 12 млн, биыл 5,6млн теңге жалақыны бермеген. Павлодарлық баскетболшылар да бірнеше айдан беріжалақыларын ала алмай жүр. Ерлер мен әйелдер командасын қоса алғанда, оларға2,5 млн теңге еңбекақы берілуі тиіс. Ал бұл қарыздардың барлығын өтейтіндемеушіні жергілікті әкімдік әлі таппай жүр. Сондықтан павлодарлық кәсіби спортклубтарының ойыншыларына күтуден басқа амал жоқ. Қаржылай қолдауболмағандықтан, кейбір ойыншылар басқа клубтарға ауысу мүмкіндігін де жоққашығармады. Бұлай жалғаса берсе, павлодарлық футболдың ғана емес, волейбол менбаскетболдың да тамырына балта шабылар түрі бар.

Мәриям МАҚСАТ

Павлодар облысы

 

Тегтер: