14:27, 08 Шілде 2020
Берік Уәли: Жолдасбек Дуанабай ақпараттың ақмылтығы еді

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, әріптесіміз Жолдасбек Дуанабайдың қайтыс болуына байланысты көңіл білдірді:
«Абитуриент кезінде-ақ қатарластарынан шоқтығы биік көрінген, журналистік ортада еңбекқорлығымен, қарапайымдылығымен мойындалған Жолдасбек Дуанабай ағамыздың да бес күн жалғандағы дәм-тұзы таусылып, бақиға аттаныпты.
Қайғылы хабарды естіп қамығып қалдық.
Жолдасбек Дуанабай ақпараттың ақмылтығы еді. Интернет дамымаған, қазіргі технология әлі жетілмеген кездің өзінде жердің түбіндегі ақпаратты тауып алып, оқырманына қызықты қылып ұсынатын. Оның „Жас Алаш“ газетіндегі „Оқи қалар оқиғалар“ айдарын оқырман іздеп жүріп оқитын еді. „Айқын“ газетінің ақпарат кеңістігінде өз орнын табуына ерекше еңбек сіңірді. Кейінгі жылдары „Жас қазақ“ газетінде жемісті жұмыс істеді. Бүгін қазақ журналистикасы осындай кәтепті қара нарынан айырылып, қара жамылып отыр.»Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, Өлмей-тұғын артында сөз қалдырған" деп Абай атамыз айтпақшы, Жолдасбек Дуанабайдың аты ойлы оқырманы барда өшпейді. Ағамыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа, иманы саламат болсын",-деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. <div style=«font-family:» color:#1c1e21;background-color:#ffffff;"=""> <div class=«tvmbv18p cwj9ozl2» style=«font-family:» color:#1c1e21;"="">