Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:05, 09 Қазан 2024

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылды

с
Фото: ашық дереккөз

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, делінген Ақорда хабарламасында.

Әбдіғалиұлы 2022 жылдың шілдесінен бастап Ұлытау облысының әкімі қызметін атқарған.