Бүгін, 12:40
Берік Уәли: Қытайға «неге қазақша сөйлемейсің?» деп айту – заңсыз
Абай облысының әкімі Берік Уәли Қазақстандағы қытайлық инвесторлардың санының өсуіне байланысты өз ойымен бөлісті.
Қытайға «неге қазақша сөйлемейсің?» деп тиісіп отыр. Олай айту заңсыз. Ертең сотталады. Қытай дегеннен қашпау керек. Халықты адастырып, Қытайға қарсы қоюға болмайды. Қайта сол қытайларға көмектесіңіздер. Ұрып, соғып, кеше TikTok-та жүр. Ол екеуі (соққыға жыққандар) қамалды, - дейді Берік Уәли.
Облыс әкімінің айтуынша, әлем елдерінің барлығы Қытайдың инвестицияларына зәру. Сондай-ақ, ол президент Тоқаев пен Си Цзиньпинге визасыз режим үшін рахметін жеткізді.
Оқи отырыңыз