Бес күн бойы аралда қалып қойған қарт балықшы

05.04.2019, 03:29

5

Көктемге тасқынныңкесірінен Ақмола облысында 75 жастағы қария бес күн бойы аралда қалуға мәжбүрболған. Ерейментау ауданынына қарасты Селеті су қоймасына балық аулауға барғанЛеонид РЯБОШАПКОНЫ айналасын су басқан аралдан алып шығу оңайға соқпады.

25 Наурыз күні 75жастағы Леонид  Рябошапко ЕрейментаудағыСелеті су қоймасына балық аулауға көлігімен аттанған. Балық  аулаудың төртінші күнінде мұз күрт ерибастайды. Су көлемінің көбейе бастағанын байқаған қария құрлыққа қарай асығады.Айдындағы Құнай аралына жеткенде су деңгейі көтеріліп, айналаның бәрі көлгеайналған. Жағаға жете алмаған балықшы құтқарушылардың көмегін күтіп, көлігіменосы аралда бес күн бойы қалуға мәжбүр болған.

«Балықшы айналасын су басқан  аралдан көлігін қимағандықтан кетпеген.Полиция қызметкерлері мұзды жару жұмыстарын жүргізді.Одан соң ағаштан сал жасапбалықшыны көлігімен бірге жағаға жеткізді», – дейді Ақмола облыстық полициядепартаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр ПИНЧУК.

 Полиция қызметкерлеріне судан құтқарумамандары мен жергілікті тұрғындар көмектескен. Қарияның жүрегі арнайы құралдыңарқасында ғана соғып тұр екен. Денсаулығында кінәраты бар күйеуін аман-есенүйге қайтарғаны үшін жұбайы алғысын білдірді.   

«Құтқарушыларға алғыстан басқа айтарым жоқ. Төсбелгіберсе де артық болмайды», – дейді балықшының әйелі Антонина РЯБОШАПКО.

Мамандардыңайтуынша осы кезеңде айдындарда балықтар көбейеді әрі жағаға жақын жүреді.Мұндай мүмкіндікті құр жібергісі келмейтін балықшылар мұздың жұқалығына дақарамайды екен.

«Өкінішке орай қазіргі таңда балықшыларға заң жүзіндемұздың үстінде жүруге тосқауыл қойылмаған», – дейді Ақмола облысы ТЖД құтқаружасағының бас құтқарушысы Еркін ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39