Бес жақсы

Бес жақсы (дәстүр). «Оның үстіне қалың малмен қабат бес жақсы туралы да келісілді»(Ы.
Алтынсарин). Аты айтып тұрғандай бұлбұрынғы ізгі жақсылар, би, бай, мырза, батыр, ел ағалары арасында жүретін жолы да, орны да ерекше қасиетті бағалы дәстүр деп саналады. Елдің аса құрметті, беделді адамдары арасындағы достық, сыйластыққарым-қатынастарда сый- сияпат немесеқұдалар арасындағы қалың мал, киіт орнына да жүрген.
Халық арасында жоғары құрмет пен марапат, сый-сияпаттың ең жоғары түре де осы – «бесжақсы» дәстүрі арқылы көрсетілген.
«Бес жақсыға» мыналар жатады: 1. Қара нар. 2.Жүйрік ат.3. Қалы кілем. 4. Алмас қылыш. 5. Бұлғын ішік. Құдалар арасында мұның бірі ұзатылған қыздың сәукелебастаған асыл тағымдарымен алмастырылады. Бұл дәстүр елдің, ердіңмырзалық, мәрттік, тектілік, сыйластық қасиеттерін көрсететін әрі оныңсалтанатын, ар-абыройын арттыратын ұлыкөрініс. «Бес жақсының» бір түрінің өзі 4-5 жылқыға бағаланған.
«Бес жақсы» түріне, дәрежесіне қарай бас жақсы, орта жақсы, аяқ жақсы болып үшкебөлінеді. Мұның бәрі бағалы кәдеқатарына жатады. Кей жерлерде «алтыжақсы» деген де бар. Бұл дәстүрде «бес жақсыға» тағы бір жақсы қосылады. Мысалы алтын, күміс жамбы, күміс ертоқым немесе кісе белбеу, т.б.«Ошақты Құлназарға құн бермексің, Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермексің» (Бөрібайақын).
(«Қазақ халқының салт-дәстүрлері»)
Дәстүр
Құр ызу
Құр – жіптің біртүрі болғанымен, есілуінде айырмашылық бар. Құралатын жіптерінің порымы жіпкеұқсайды. Бірақ жіп емес, тұрқы жалпақ.Бұзауға, құлынға, ботаға ноқта жасайды. Бұл төлдің еш жерін қимайды неденесіне батпайды. Жүк артылатын көлікке тартпа орнына да қолданылады.
Құр жіңішкелеп есілген шыжым жіптерді қатарластыратізіп, біріне бірін тұтастырып тігу арқылы жасалады. Әйелдер құрдың да сәндіболуына көңіл бөледі. Қатарластырылған тізбекпен тігілетін шыжым жіптердің өрімдеріне ақ және қара жүн араластырылып есіледі. Яғни екісабақтан есілетін жіптің бір сабағы ақ, енді бірі қара болады. Бұл құрды қара ала қыпкөрсетеді. Құрға тән өрнек. Тартпа құсатып шыжымдарды айқастыра өрмейді. Онда сәні бұзылады.
Құр – тұрмысқа өте қажетті бұйым. Кейде белге белдік орнына да буынады. Адамқамы үшін жасалған дүние.
(«Бабадан қалған бар байлық»)
Қазақ мысалы
Кірпікшешен
Бір күні кірпікшешен қара жыланға келіп:
–Мені аз уақыт үйіңе кіргіз, – депті. Қара жыланкіргізіпті. Кірпікшешен үйге кіргізген соңқара жыланның балаларына қиын бола бастапты. Сонда жылан:
–Мен сені әншейін біраз уақытқа ғана жібергенмін, ендікет, сенің инелерің балаларымынң үстіне қадалып, ауыртып тынышын кетірді, –дейді.
–Үйден кімнің тынышы кетіп, қиын болса сол кетер, маған қиынемес, осында тұруға болады, – депті сонда кірпікешен.