Бесінші қабаттан екі жастағы бала құлады

Терезеден құлаған бала жан сақтау бөлімінде жатыр.Балқаш қаласында 3 маусымда бесінші қабаттағы терезеден екі жастағы бала құлап кеткен.
Биіктен құлап, жарақат алған бала жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың денсаулығы ауыр жағдайда деп мәлімдейді. Баланың ата-анасы оны не себепті қараусыз қалдырғаны туралы полицияға түсініктеме беруде.
Соңғы уақытта Қарағанды облысында терезеден құлап жарақат алған балалар қатары артқан. 2 маусымда Саран қаласындағы тұрғын үйдің екінші қабатындағы балконынан еңбектеп шыққан бір жастағы бала үйге жапсарлас салынған нысанның төбесінен құлаған. Екі жарым метр биіктіктен құлаған бала ауруханада ем алып жатыр.
Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Мамандар әсіресе пластик терезелеріндегі маскит торларына сенбеуге кеңес береді.